
Елбасымыз кезекті жолдауында әлемдегі дағдарыстық жағдайды еңсерудің 100 нақты қадамын атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаның басым бағыттарының бірі - ел алдында есеп беретін үкімет.
Ұлт жоспарына сәйкес, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанболат Олжатай журналистерге арнап, баспасөз жиынын өткізді.
Ұлт жоспары халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әл-ауқатын жақсартуды көздейді.Осы мақсатқа жету үшін облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биыл 67 білім, 40 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін 40 білім беру, 1 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі.
Жанболат Олжатай, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
Тұрғын үй саласы бойынша 57 нысанның құрылысы қарастырылды. Нәтижесінде жалпы алаңы 55,8 мың шаршы метрді құрайтын 951 пәтерлі 56 тұрғынүй пайдалануға берілетін болады.
Облыс халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 27 ауыз су жобасын іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде, су құбыры мүлдем болмаған 7 елдімекенге су жеткізіледі. 14 ауылда құбырлар толықтай жаңартылады.
Жанболат Олжатай, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 33 нысанның құрылысы қарастырылды. Жол салу мен қайта құру жұмыстары бойынша 23 нысанның құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін 17 нысан пайдалауға беріледі деп көзделіп отыр.
Облысымыз дотациялық аймақ болып табылады. Сондықтан өзіндік кірістер есебін ұлғайту - күн тәртібіндегі басты мәселе. Жауапты саланың уақытша басшысы келешекте облыс қазынасын салықтар мен жанама түсімдер есебінен ұлғайту көзделгенін айтады. Бұл - әлеуметтік мәселелерді жергілікті қаражат есебінен шешуге мүмкіндік.
Нұрмахан КЕНЖЕХАН