ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЖҮЙЕ СОТ ЖҰМЫСЫНА СЕРПІН БЕРУДЕ

12:43, 6 тамыз 2018

Елбасының «100 нақты қадамының» алғашқы 15 қадамы сот жұмысын жүйелеуге арналған. Цифрландыру және заман талабына бейімделу Сот саласының жемісті жұмыс істеуіне септігін тигізіп отыр. Ордабасы ауданында жарты жылда тек 1 іс бойынша шешім өзгерген. Қалғаны судьяның бастапқы шешімі бойынша қалдырылды.

Ордабасы ауданында биылғы 6 айда 3072 іс қабылданып, 2854 іс қаралған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 12,7 пайызға көп. Республика бойынша 1 судьяның жүктемесі 35 іс болса, Ордабасыда бұл көрсеткіш үш есе көп. 1 судьяға 119 істен келген. Дегенмен, жаңа жүйе бойынша атқарылған жұмыс жемісін берген.

Құнанбай Мұсаев – Ордабасы аудандық сотының төрағасы

Жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Аудио-бейнебақылау жазбалары жүргізіліп жатыр. Адамдар келіспеген жағдайда соларды көріп, өздері не айтқанын көреді, судьялардың дұрыс тексергенін жоғары тұрған соттар дұрыс баға беріп жатыр. 

Азаматтардың арыз-шағымы да азайып келеді. Жоғарыда айтылған 3854 іс бойынша жоғары инстанцияға 34 апелляциялық шағым түскен болса, оның 33-і өз күшінде қалды. Тек бір іс бойынша шешім өзгерді. Бұл да болса, әділ әрі сапалы атқарылған жұмыстардың нәтижесі.

 Құнанбай Мұсаев – Ордабасы аудандық сотының төрағасы

Сот актілерінің өз күшінде қалуына медиаторлар да үлкен үлесін қосып жатыр. Бұл күнде аудандық сотпен 77 іс медиация тәртібімен тоқтатылды. Бұл дегеніміз, неке, ажырасу, көршілерді татуластыруда медиатор ақсақалдарымыз үлкен істер атқарып жатыр.

Жаңа бағыт, жаңаша көзқарас сот жұмысын жүйелеуге үлкен көмек болды. Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» айтылған басым бағыттардың нақты нәтижесі - осының айғағы.

Н.КЕНЖЕХАН                                                

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...