ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

«Жарқын болашақ» - үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

18:35, 25 ақпан 2017

Республикалық «Жарқын болашақ» байқауының облыстық кезеңі қорытыланды. Сайыс – қазақ тілінен 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отырған бәйге өңіріміздегі үздіктердің үздігін анықтады.

Жалындаған жас дарындар, тұнып тұрған таланттар «Жарқын болашақтан» үміттерін үзбейді. Олардың көпшілігі байқауға жыл сайын қатысып келеді. Түбі жеңетініне сенеді. Солардың бірі - Жансая Болат. Кенді шаһар Кентаудан, ауданының үмітін арқалап, биыл 2-ші рет келіп отыр.

Жансая Болат - Байқауға қатысушы

Жарқын болашақ жобасы - талай балапанды қыран қылып шығаратын байқау.... Мәдениетіміз жоғары дәрежеге жетіп жатыр деп білемін.

Байқаудың облыстық кезеңіне барлық аудан-қалардан іріктеліп келген 230 оқушы қатысты. Оның ішінде қазақша тіл сындырған өзге ұлт өкілдері де бар.

Жеңіс Телемісов - №1 Білім-инновациялық лицейінің директоры  

2013, 2014, 2015, 2016 жылдары қатарынан Оңтүстік облыс Республикалық байқайдан 1-орын иеленіп жатыр. Бұл да біздің ...

 «Жарқын болашақ», расында, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жылдан жылға жастардың  қызығушылығы артып жатқаны да содан. Оның басты жүлдесі - еліміздің беделді жоғары оқу орындарына грант. Мәселен, былтыр дәл осы Республикалық сайыс жеңімпаздарына  арнайы  42 грант бөлінген.

Ержан Смағұлов  - С.Демирел университетінің көркемдік жетекшісі

Өнерлі балаларды өздерін қабйлдау үлкен сұранысқа ие юболып жатыр. Өйткені, жылдан жылға талантты балалар, өның ішінде жауапкершілігі бар, ақылды, өнерлі балаларды өздерінің студенті етуге сұраныстарын көптеп беріп жатыр. Сондықтан, бұл әлеумсеттік жағдайы төмен балаларға да үлкен мүмүкіндік. Бұл – коммерциялық жоба емес. Бұл – халыққа жасалп жатқан үлкен жағдай, мүмкіндік.

Әр жүрек өзінше лүпілдейді. Бас бәйгеден барлығы үмітті. Дегенмен, сайыста жүйрік жеңіп, басқалары шыңдалуға тәжірибе алады. Байқаудың Республикалық кезеңі сәуір айында, Астана қаласында өтеді. Қара ішінен дара щығып, оңтүстік намысын қорғайтындарға  сәттілік тіледік!

АЙЖАН Әшірхан   

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...