
Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды іске асырар жеке сот орындаушылары күн санап халық алғысына кенелуде.
Құрылғанына 3 жыл болған жас институт белсенділері Абай аудандық сотында бас қосты. Дөңгелек үстелде сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері талқыланып, мамандар өзара пікір алмасты.
Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын дамыту 2005 жылы қолға алынған. Мемлекет басшысының ел судьяларының 4-ші съезінде алға тартқан мәселесі бүгінде қызу қолдауға ие. Іргесі енді қаланған жас институттың аяққа нық тұрып кетуі үшін атқарылар шаруа да аз емес.
Сайдыбаттал Тоқбергенов, Абай аудандық сотының төрағасы;
Бұл жөнінде Елбасының өзі 100 нақты қадамында айтыр өткен. Жеке сот орындаушылар жөнінде институттар ашылды. Қазір орындаушылардың көбі жеке сот орындаушыларға жүктеп отыр.
Аталмыш бастаманы одан әрі дамытып, халыққа қызмет көрсету үшін әрбір азаматтан қолдау қажет. Қуанарлығы, бұл институт ТМД-ның ішінде ең бірінші болып, Қазақстанда ашылған. Қанатқақты жоба - еліміздің заман талабына сай дамуына бірден-бір мүмкіндік.
Еркін Отарбаев, Абай аудандақ сотының судьясы;
Келешекте жеке сот орындаушылар институттарын одан әрі қарай дамыту, халыққа біздің жұмыстың тиімді екенін жеткізу. Әрбір соттың шешімі орындалуымен құнды.
Сот актілерін тиімді орындау – мемлекеттік заң жүйесінің маңызды шарты. Сонымен қатар, азаматтардың сот әділдігі мен жалпы мемлекетке деген сенімінің кепілі. Жеке сот орындаушылар институтының дамуы -қазақстандықтардың алаңсыз өмір сүруінің бастамасы болары хақ.
Аяжан МӘМЕТ