
Жұмыссыздықпен күресу - ел экономикасының өркендеуіне сеп болады. Осыған орай, Төлеби ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға жұмыс ұсынушы 34 мекеме қатысқан. Қазір ауданда жалпы саны 190 жұмыс орны бос тұр.Жәрмеңке аясында 75 азамат жаңа жұмыс орнына жолдама алған. Аудандық жұмыспен қамту бөлімі жұмыссыздар санын барынша азайтуға жіті назар аударуда.
ӘбдіқадырТөреқұлов - қырық жылға жуық су шаруашылығы саласында қызмет атқарған. Өзі еңбек ететін мекеменің жабылып қалуына байланысты жұмыссыз қалыпты. Аудан көлемінде мамандығына сәйкес жұмыс іздегенімен, таба алмаған. Азамат жұмыспен қамту бөліміне құжат өткізіп, мәселесі тез шешім тапқанына қуанышты.
Әбдіқадыр Төреқұлов – Төлеби ауданының тұрғыны
Бір мекемеде 38 жыл жұмыс істеген едім. Жабылып қалу себебінен жұмыссыз қалдым. Осы Төлеби ауданының жұмыспен қамту мекемесіне келдім. Документтерімді өткіздім. Бүгін қуаныштымын өз мамандығым бойынша еңбек ететініме мен өте қатты қуаныштымын.
Ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі тұрғындардың сұранысына қарай дәстүрлі өтіп тұрады. Мұндай қызметке тек жұмыссыз азаматтар ғана жүгінбейді. Жоғарғы білімі жоқ тұрғындар сұраныстағы түрлі мамандықтар бойынша оқу курсынан өтеді. Ары қарай жұмысқа орналасуға немесе өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады.
Дулат Шәріпов-Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы
Төлеби ауданының жұмыспен қамту бөлімімен, жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде бос жұмыстар жәрмеңкесі өткізіп жатырмыз. Аудан көлемінде 33-34 мекеме өздерінің бос жұмыс сұраныстарын беріп отыр. Ол жалпы 190 бос жұмыс орындар бар. Оның ішінде мемлекеттік мекеме бар, мектептер бар, дастар орталығы бар. Сондай-ақ Төлеби аудан әкімдігінің жаңалық басқару бөлімінің өкілі келіп отыр. Олда мемлекеттік қызметке бос жұмыс орын айта келіп отыр.
Ауданда осы жылы барлығы 14 мамандық бойынша 283 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірнеше есеге ұлғаятын болады.