ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«Оңтүстік Цирк» ұжымы қыз - келіншектерге арнайы концерт ұйымдастырды

18:39, 9 наурыз 2016

Шын ниет, шынайы тілекпен... табиғи дауыспен!

Бәрі - табиғи. «Оңтүстік цирк» ұжымы нәзік жанды аналар мен қыз-келіншектердің құрметіне өз даусымен ән шырқаған өнерпаздардың шығармашылық кешін ұсынды. Цирк оркестірінің шығармашылық кешіне келген ханымдар джаз әуезіне шалқыды. 

Бұл оркестрдің құрылғанына көп болмаса да  тыңдарманның жүрегін жаулап, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген.  Цирк қойылымдарын сазбен  сүйемелдеп,   әбден ысылған. Қолда бар дүниені бағалап, ұжымның өнерін елге тарту етсек,  нұр үстіне нұр, - дейді мекеме директоры.  

Айтқандай, оркестр дирижері  Нұрлан Байкозов Алматы қаласынан арнайы келіпті. Бір апта бойы жергілікті өнерпаздармен дайындық жұмыстарын  жүргізіп, концерттің беделін биіктетті.

Батыстық стильде дауыс ырғағын ойнатып, ән салатын Диана Хашимханова, Тараз қаласының талантты әншісі Ақжол Бейшен  саз кешінің сәніне айналды. Ал, жергілікті өнерпаз Бақтыбай Қадыровтың лирикалық  әні сұлулардың  жүрек қылын тербеді.

 

КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ 

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...