ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Алтын құрсақты аналар ардақталды

15:00, 17 ақпан 2017

Миллиондар қаласы Шымкентте батыр аналар қатары тағы 56 адамға толықты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, Еңбекші және Әл Фараби ауданының әкімдігі көпбалалы аналарды қабылдап, салтанатты түрде алтын және күміс алқаларын тақты. Ең жас алтынқұрсақты ана 30-да

Әйел бақытын басқадан емес, баладан іздеген аналар бүгін мәре-сәре. Батыр аналар басқосуында Еңбекші ауданының әкімдігі  оларға еліміздің демографиялық өсіміне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. 

Амангелді Досалиев – Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары

Бүгін 35 көпбалалы алтын алқа иегерлерін марапаттап жатырмыз. Елбасымыздың 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, сәтті пайдалана отырып, аналарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тілейміз. Одан бөлек, Шымкент қаласы аумағында Жолаушылар Ассоциациясының шешімі бойынша, қоғамдық көліктерде тегін жүре алады, куәліктерін көрсеткен жағдайда.

Алтыннан алқа таққан батыр ананың бірі – Әсия Оралбекова. 4 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отыр. «Көпбалалы үйде береке мол болады. Тете өскендер арасында бәсеке де мықты» деп, Елбасы сөзін әрдайым қуаттайды.

Әсия Оралбекова – Алтын алқа иегері

Алтын алқа иесі болып жатырмын. Өте қуаныштымын. Көпбалалы аналарды елеп, ескеріп, көңілімізді көтеріп жатыр. Жас аналарға жұғысты болсын дегім келеді. Алтын құрсақты ана атану – үлкен бақыт. Қыздарым өзіме ұқсаған алтын құрсақты ана болсын!

Шымкенттегі Әл Фараби ауданында 4156 көпбалалы ана тұрады. Оның 423-і алтын алқа иегері болса, қалғаны - күміс алқаға ие. Бүгінде олардың барлығына мемлекеттік жәрдемақы мен тиісті көмек көрсетіліп келеді.

Бауыржан Қалжанов – Әл Фараби ауданының әкімі

Бізде үлкен қуаныш, осында аналарымызбен тілдесіп, қуанып жатырмыз. Өйткені, бала тәрбиесінде бұл ардақты аналарымыздың тәжірибесі мол. Сол себепті, біз тұрақты түрде бұл кісілермен кездесетін боламыз.

Шаңырақтың шаттығы мен берекесін еселеген ардақты аналардың қоғамдағы орны ерек. Олар азат елдің айбынды ұрпағын тәрбиелеуде. Еңбегі ескерілгендер төсбелгі алып, құрметке бөленгені үшін ел билігіне разы.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...