ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Алтынтөбеге электр жүйесін тартқызған әже

17:30, 7 наурыз 2017

Еңбегі ел аузында. Қала тұрғыны Күлбара Ибрашованың осыдан 50 жыл бұрын атқарған жемісті жұмысын ауылдастары әлі күнге дейін айтады. Бүгінде 85 жасқа келген кейуана жастық шағын сағынышпен еске алады

Күлбара Ибрашованың жастық шағы сұрапыл  соғысқа,  есейген шағы кеңестік шаруашылықты көркейтуге арналған. Жастайынан тылға тер төгіп, ауыр жұмысқа төселген еңбекқор жан. Бұрынғы Бөген қазіргі Ордабасы ауданында мақта шаруашылығына күш – жігерін сарп етті. Ауыр жұмыс істеп жүріп, 7 перзент сүйді. Батыр ана атанды. Бір елдің қаршадай келіні еңбекке араласа жүріп, кеңеске мүше болды. Келелі мәселеге араласты. 1960, 1972-ші жылдары әуелі аудандық, одан кейін облыстық кеңеске депутат болып сайланды.  Сол жылдары «Алтын төбе» ауылына электр жүйесін тартуға  себепші де болды.

Әке абыройы - балаға азық. Ал әжейдің еткен еңбегі өзі тәрбиелеген келіндеріне мақтаныш.

Күлбара Ибрашова 5 қыз 2 ұл сүйген  батыр ана. Бүгінде перзенттерінен  23 немере, 36 шөбере сүйіп отыр. Өнегелі тәрбие көрген ұл қыздары бүгінгі таңда бір – бір әулеттің ардақты ата-әжесі. Кіндігінен тараған әулеті бас қосқанда ардақты ана ақылын айтып, бірлікке шақырып отырады.

Ана - ардақты. Ана - асыл. Пайғамбарымыз Мұхамед салалах әйлеки уассалам жаннаттың кілті - ананың табанының астында деп текке айтпаған.  Ананы көзі тірісінде ардақтағанымыз абзал ағайын.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...