ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Ана - өмірдің гүлі

18:17, 9 наурыз 2017

Мейірімге толы мереке. 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі Сайрам ауданында да сан түрлі шарамен атап өтілді. Әжелер алқасы бастаған думанды, балабақшадағы бүлдіршіндер жалғастырды. Ал, ел тізгінін қолға алған әкімдер болса, алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті

Ақын да, батыр да, әкім де анадан туады. Сөйтіп бір қолымен бесікті тербеткен ана екінші қолымен әлемді тербетеді. Сондықтан, қыз-келіншектерге деген мейірім шуақ қашанда үзілмеуі тиіс.

Әйел –ару, әйел жар, әйел ана.Сондықтан нәзік жандыларға қандай қошемет көрсетсек те артық емес. Көк желекті көктеммен  бірге келген көңілге қуаныш сыйлайтын мерекеге санатория үлгісіндегі Ақсукент балабақшасының ұжымы ерекше дайындалды. Періште пейіл бүлдіршіндер аналарға  перзенттік  ізетін  көрсетті.

Аналар құрметіне ән арналды, би биленді, өлең оқылды. Қайнарбұлақ ауыл округінде өткен кеште ақ жаулықты аналар алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Бағаласаң бағың, ханшайым мен ханымдар көрсетілген құрметке дән риза.

Ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, отбасының алтын діңгегі. Аналарға деген ыстық сезім, құрмет-қошемет ешқашан сөнбек емес. Мейірім махабаттың бастауы болған қыз келіншектер мерекесін сайрамдықтар  көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.  

НҰРМАХАН Кенжехан                                            

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...