ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Анаға құрмет, балаға ізет

17:09, 6 наурыз 2017

Анаға құрмет, балаға ізет. Арыс қаласындағы отбасы үлгісінде тәрбие алатын балалар Шымкентке келіп, БАҚ саласында жүрген аға-әпкелерімен кездесті. 8-наурыз аналар мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған осындай жүздесу пәк көңілді балалар үшін көптен бері ойға алған іс екен

Қоғамдық келісім кеңесінің кеңсесі бұл балаларға жат  емес. Бұл мекеме «Бәйтерек» балалар ауылының тәлімгерлерін бауырына басып, бір жылдан астам уақыт қамқорлығына алып келеді.  Аналар мен балалардың басқосуына да осы ұжым мұрындық болған. 

Арыстан арнайы келген балалар блогер, журналист ханымдарға өздері қолдан жасаған сыйлықтарын табыстады. Тосын сыйға  абдырап қалған аналардың көңілін әрмен қарай өнерлерімен елжіретті. Әсем әнді әуелетіп, жалынды жыр оқылды. 

Түрлі ақпарат құралдарынан келген арулар  «Сыйға сый сыраға бал» - деп, жас ұландарға ертегі кітап сыйлады. Балаларға ыстық ықыластарын білдірді. Қоғамдық келісім кеңесі ұжымы ұтымды сәтті пайдаланып, нәзік жандыларды құттықтауды ұмыт қалдырмады. 

Бұл балаларға бәрі де жеткілікті. Қарны тоқ, киімі көк. Тек жетіспейтіні - ананың аялы алақаны. Бәрінің де арманы өз анасын құшағына қысу. Мейірімге шөліркеген балғындар бір күні мейірімді ана келіп, құшағына басады деп сенеді. Өз отбасына  алып кететініне күмән келтірмейді.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:07, 9 тамыз 2022
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШТЫҚ  ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
13:42, 9 тамыз 2022
САРЫАҒАШТЫҚ ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
Толығырақ...