ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Аналар кеңесі жылдық есебін берді

17:49, 18 ақпан 2017

Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналар қоғамдық істе де белсенді. Тірлікте талай тауы шағылған шаңырақ пен жүдеген жандарға жәрдем берді. Ел бірлігі мен қоғам тыныштығы үшін де барын салуда. Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі бір жылдық жұмысын қорытындылады.

Аталмыш шара барысында алдымен, аналар Жолдауда айтылған басымдықтарға жіті мән берді. Ширекғасырлық тәуелсіздік ел болып қалыптасып, дамудың дара жолына түсуге мүмкіндік берді. 

Қоғамдық ұйым тарапынан берілген мәліметке жүгінсек, соңғы уақытта ажырасу деректері көбейген. Бұл ұйым 400 жұпты бастапқы райынан қайтарған.  Бабаның қаны, ананың жасымен келген тәуелсіздік біз үшін қымбат. Сол құндылықты жастарға ұғындыруды аналар өзіне парыз санайды.

Салт-дәстүрді дәріптеп, тәуелсіздіктің тұғырлы болуына да  қосқан үлесі қомақты. Осы орайда «Ақ орамал» акциясын айтуға болады. Бұл бастаманың негізінде қасиетті ата дәстүрді дәріптеп, елді ынтымаққа, бірлікке шақыру жатыр.  Мұнымен қоса, ұйым жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында  Рамазан айында тағылымды кештер ұйымдастырған. Ал, мұндай шаралардың ұзын ырғасы 900-ге жуықтайды.  

ГҮЛМИРА Оңласбек

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...