ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Ащы еңбектің тәтті наны, олар зор құрметке лайық!

14:46, 6 наурыз 2016

Елбасы мамандық туралы айтқанда, кәсібіне қарай адамын сыйлау дұрыс емес екенін жеткізді.

Мәселенки, тұспалдап ұқтырғаны: «Аспаз... Соның арқасында бар тәттіні тіске басамыз!». Сол сияқты көше тазалықшылары да зор құрметке лайық! Таң қылаң бере қарсы алдымыздан шығатын олар күл-қоқыстың қалдығына дейін қалдырмай, тазалап, сіз бен біздің таза жерде жүріп-тұруымызға септігін тигізуде. Ел алғысын алуға лайық жандармен әріптесім Гүлсанат Қалмырзақызы сұхбаттасты.  

Олар да – бір-бір шаңырақтың шырағы, отбасының ұйытқысы, үйдің берекесі. Жарына жылы қабағын білдіріп, бауыр етіне жылы-жұмсағын ұсынуы тиіс. Бірақ, таңмен таласып, төртте тұру, қиындығы мол жұмысты аяғына дейін абыроймен атқару - Бибігүл үшін жауапты қызмет.

Шаңырағының жалғыз асыраушысы да өзі. 20 жылдан бері отандасқан жұбайы жұмысқа жарамайды, дімкәс. Сондықтан, барлық ауыртпалық қағылез келіншектің  мойнында. Кейіпкеріміз тоғыз жылдан бері көше сыпырады. Ауыр бейнеттің адал нанын жеудің өзі ол үшін - бір бақыт.

Расында да, абыройынан гөрі қиындығы басым бұл бейнеттегі әйелдер қауымының жаны сірі. Қытымыр қыста қар күресе, шіліңгір шілдеде қара терге малынып, қаланы күл-қоқыстан ада етеді. Бағалайтындай-ақ жұмыс. Бірақ...

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Түн қараңғысынан тұрып, түртінектеп жүріп, тірлігін бастайтын бұл мекеме жұмысшыларының ырысын бір құдай біледі.  Ал, бір ісі артық екені анығында ақиқат.  

Жұмысқа елден бұрын келіп, кеш қайтуды былай қойғанда, бұл мекеме үшін «сенбі-жексенбі, мейрам, демалыс» деген ұғым атымен жоқ. Бірақ, мекеме басшылығы жыл сайын әйелдер мерекесінде тазалықшы апайларға зор құрмет көрсетуді үрдіске айналдырған.  

Ащы еңбектен тәтті нан жеп жүрген тазалықшы әйелдердің ердің ісіне пара-пар тірлігі осы. Олар құрметке лайық. Тәңір қуат берсін.

 

ГҮЛСАНАТ ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...