ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Қаланың ең қарт анасын облыс әкімі арнайы құттықтады

13:16, 8 наурыз 2017

Шымкенттегі ең қарт әже Қаратау ауданында тұрады. 108 жастағы кейуананы мерекесімен құттықтауға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барды. Сый-сыйяпат көрсетіп, айрықша құрмет ке бөледі

Шоқ-шоқ гүл, тарту-таралғы. Барлығы тек Назым Мәмбетәлиеваға арналды. Өңір басшысы қарт әжейдің жағдайын сұрап, көңілін бір серпілтіп тастады.

Алтын құрсақты ана  1909 жылы Отырар ауданы, Шәуілдір елдімекенінде дүниеге келген. Әжей 11 перзентінен  45 немере, 37 шөбере мен 4 шөпшек сүйіп отыр. Ғасыр әжей үнемі шөпшектеріне тақпақ үйретіп, оны нақышына келтіріп орындауға машықтап отырады.

Назым Мәмбетәлиева тыл еңбеккері, талай жыл өңірдің дамуына үлес қосты. Жастайынан қара жұмысқа жегіліп, еңбекпен шыңдалған.  Кейуана әлі де ширақ. Келіндеріне ақылын айтып, білгенін үйретуден жалықпайды. Жас дәурені соғысқа тұспа-тұс келіп, ауыр бейнет көрсе де, бүгінгі күніне шүкіршілік айтады. Қарияның жалғыз тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбиев

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:07, 9 тамыз 2022
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШТЫҚ  ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
13:42, 9 тамыз 2022
САРЫАҒАШТЫҚ ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
Толығырақ...