ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Кәсібі мен салтын сүйген кәсіпкер

19:24, 16 қаңтар 2017

Кәсіпкерліктің түбінде сауда жатыр. Оның тегін, еңбектің ебін білгенге мемлекеттен көмек көп. Бір ұтыс, бір шығыны қатар жүретін салада жас ана, жас кәсіпкер Нұржамал Миржибаеваның бизнес әліппесі тағылымды-ақ. Жоғары оқу орны бойынша бітірген мамандығын ұмытқан жоқ.Айма-ай жалақы күтетін жағдайда емес. Тапқаны, өмір көріп, баққаны – тек өз күшіне байланысты.

Арман адастырмайды. Ерте ме, кеш пе, сізбен серік. Талапшыл Нұржамал тұрмысқа шығып, ана атанса да, бала қиялынан күдер үзген емес. Жастығында жаны сүйген хоббиін негізгі кәсібі ету үшін аянып қалмады. Бүгін де сол ізбен жүріп, былғарыдан жасалған бұйымдар жасайды.

 

Нұржамал Миржибаева – Дизайнер, «Оңтүстік былғары» шеберханасының басшысы

Қызығушылым мектеп жасымда-ақ қалыптасқан. Дизайн саласында оқытушы болып, сабақ бердім. Кейіннен осындай кәсіппен айналысу – ойыма келіп, кәсіпкерлерді қолдау басқармасына бардым. Құптады.

 

Былғарыдан бұйым жасайтын кәсіби шеберхана өңірімізде бұрын-соңды болмаған. Сондықтан да қолөнер шеберлерінің назары бірден Нұржамалдың ісіне ауды. Үшінші мүшелге аяқ басқан ару// әр түрлі стильдегі сөмкелер мен әмияндарды тігеді. Небір аксессуарларға әдемілік береді.

 

Нұржамал Миржибаева – Дизайнер, «Оңтүстік былғары» шеберханасының басшысы

Жасап жатқан дүниелерім тұтынушылар ойынан шықса деймін. Болашаққа жоспар көп. Кәсіпті жандандыру үшін – шетелге де экспорттағым келеді. Бұдан басқа, балалар киімін тігумен де айналысқым келеді.

 

«Адалдық бар жерде амал да түзу болмақ. Ең бастысы, ниетті аздырмау керек»,-деген Нұржамал сүйікті ісіне ешқашан селқос қарамаған. Бір қолымен бесік тербетіп, екіншісімен кәсіп өрбіткен жас келіншек бұл істе 5 адамның арманына жол ашты.

 

Айзат Бауыржанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...