ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Көшбасшы әйелдер орталығы ашылды

17:49, 29 наурыз 2017

Сайрам ауданында іскер әйелдерге арналған орталық ашылды. Бұл – нәзік жандыларға саясатта белсенділік танытып қана қоймай, басшылық қызметке бейімделуіне мүмкіндік береді. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен сайрамдық арулар бұған дән разы. Алғашқы басқосуларын өткізіп, алдағы мақсат-міндеттерін екшеді

Әйел – отбасының ұйытқысы, берекесі. Шаңыраққа шаттық ұялататын да солар. Ал, олардың қоғамдағы рөлі де ерекше. Бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Олар араласқан тірліктің өн бойына қан жүгіреді. Іс ілгерілеп, жұмыс жандана түседі. Жаңа орталықтың негізгі міндеті – нәзік жандыларға жан-жақты қолдау көрсету. Олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру.

Раушан Қыдырбаева – Сайрам аудандық көшбасшы әйелдер орталығының мүшесі

Қоғам мен мемлекет ісіне келгенде әйелдер қауымының белсенділігі мол.  Жауапкершілігі жоғары. Бүгінде нәзік жандылардың 80 пайызы білім беру мен денсаулық сақтау саласында еңбек етуде. Соңғы уақытта олар қоғамдық жұмысқа да жиі араласып жүр. Мемлекеттік қызметте де әйелдердің үлес салмағы артып отыр.

Баян Жандосова – Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы

Статистикалық зерттеулерге сүйенсек, елімізде соңғы 10 жылда жетекшілік орындарда отырған әйелдердің қатары 2 есеге өскен. Әсіресе, аудан әкімдері орынбасарларының дәрежесінде әйелдер көп. Бірақ, бұл мәліметтер Қазақстанның Солтүстік аймақтары мен Шығыс бөлігіне ғана тән. Нәзік жандылардың басшылық қызметке араласуынан Оңтүстік облыс көш соңында.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...
Оңтүстіктің Супер келіншегі атанған кім?!
18:08, 16 наурыз 2017
Оңтүстіктің Супер келіншегі атанған кім?!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...