ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Мереке күні 205 ана нәрестелі болды

16:59, 9 наурыз 2017

Халықаралық әйелдер мерекесі күні облысымызда 205 ана нәрестелі болды. Алғаш рет перзент сүйіп, ана атанған нәзік жандыларды облыстық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев құттықтады

№4-ші облыстық перинаталдық орталығы жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге көмек көрсетеді. Соңғы 3 жылда 10 акушер-гинеколог шет елде біліктілігін арттырған. Мұнда мереке күні 9 ұл, 6 қыз дүние есігін ашқан. Түстік өңірдің демографиялық өсіміне үлес қосқан жандарға облыстық бас дәрігері гүл шоқтарын ұсынды. Мерекелерімен құттықтады.

Жансая Мырзабаева 24 жасында ана атанғанды. Мерекеде өмірге ұл алып келген жас ана сәбиіне Айсұлтан деп ат қойыпты. Толғақ кезіндегі қиындықтың бәрін ұмытқан. Енді екі жылдан соң, отағасына қыз сыйлағысы келеді.

Айта кетейік, өңірімізде жыл сайын 80 мың сәби туылады екен. Бала туу көрсеткіші бойынша, 1- орынды алатын аймақта мүгедек нәрестелердің санын азайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ана мен бала өлімін төмендету шін биыл Шымкент және Сарыағаш қалаларында перинаталдық орталық салынбақ. Аналарды құттықтай келген Мұқан Егізбаев осындай жаңалығымен бөлісті.

CАТТАР Есімбеков        

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...