
Әйел -өмір, жаңару, жасару секілді түсініктермен түрленетін жаратылыс. Қыз келіншектердің кейде өжеттігін көріп, таңырқайсың. Қайсарлығы - тағы бар. 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында № 46 сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбеков ақ жаулықта аналарды арнайы құттықтады
Шымкент. «Диана» салтанат сарайы. Көтеріңкі көңіл күй, жүздері бал-бұл жанған жайдары жандар. Бұлар - тыл ардагерлері. Алтын алқа иегерлері. Облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Әбдірашұлы ақ жаулықта аналарды шұғылалы да шуақты халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Дастархан жайып, қонақ етті. Сый –сияпат жасады.
Досалы Амангелдиев - Еңбекші аудан әкімінің орынбасары
Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз, Қаратөбе, қазығұрт ауылдарынан тыл ардагерлері мен көп балалы аналардаға арналған мерекелік іс-шара болып жатыр. Ұйымдастырушы Еңбекші ауданының әкімдігі. Бас демеушіміз Қайыпбеков Әсет Әбдірашұлы.
Салтанатты кеште елімізге танымал эстарда жұлдыздары өнер көрсетті. Мың бұрала би билеп, әуелете ән салды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықты аналар арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. Нәзік жанды азаматшалардың қуанышында шек жоқ. Алғасын айтып, ыстық ықыласын жеткізді.
Сәния Ягмурова – Батыр ана
Қуанып жатырмыз . осындай концерт болып жатыр. жақсы өтіп жатыр. Әсеттің өзі де жүр арамызда. Ол құрмет бізге.
Жалпы, Еңбекші ауданында 5000 мыңнан астам көп балалы ана бар. Оның 1000-ға жуығы «Алтын алқа», 1300-і «Күміс алқа» иегерлері.
НҰРЛАН Әлімбаев