ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Шаһар басшысы қыз-келіншектерді құттықтады

13:20, 8 наурыз 2017

Нәзік жандылардың табанды еңбегінің арқасында қала экономикасы қарқынды даму үстінде. Осылай деген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бүгін шаһардың бір топ аруларын шаттыққа бөледі. Түрлі салада қызмет ететін мыңға жуық қыз-келіншекті көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады

Бейресми отырыста шаһар басшысы әйел азаматшалардың қала мен ел дамуында, экономика, ғылым, спорт және басқа да салаларда, айрықша үлес қосып жүргенін атап өтті.«Отбасы ұйытқысы - әйелдердің ана ретіндегі рөлі айрықша басым екенін екшеді». Дүниеге сәби әкеліп, көп бала тәрбиелеген нәзік жандылардың абыройы қашанда бекем, олар қоғамның құрметіне бөленеді,-деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Салтанатты жиында қала әкімі үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген бірнеше әйел азаматын марапаттады.  Олардың қатарында жеке кәсіпкер Сәрсенкүл Дәуреханова мен полиция инспекторы Әлия Ақбалаева да бар. Сондай-ақ, бүгінгі шараға келген барлық әйелдерге әкімнің шағын сыйы берілді.

Әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Бұл мерекеге еліміздің мәдениет қайраткері, әнші Нұрлан Өнербаев та арнайы келіп, түстік өңірдің нәзік жандыларын ән айтып  құттықтады.

CАТТАР Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...