ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Жақындарыңызға не сыйлауға болады...

14:04, 6 наурыз 2016

Көктемнің шуақты мерекесінде қайсыбір ару, қайбір ана болса да, жақындарынан сыйлық күтетіні белгілі.

Бірі оң қабақ, жылы жүзден қуат алады. Бірі құшақ-құшақ гүлге көмкеріліп, әшекей бұйымдар алғанды хош көреді. Дегенмен, қандай сыйлық  сізге қымбат адамның көңіліне қуаныш сыйлауы мүмкін?

Әйелдердің табиғаты нәзік болғандықтан, олар көп жағдайда сыйлыққа гүл алғанды жақсы көреді. Алайда, көбісі гүлдің түрі, түсі мен білдіретін мағынасына көп мән бере бермейді. Мәселен, енді танысып, табысқан сүйіктіңізге күлгін түсті раушан, меруертгүл сыйлаған дұрыс. Адал жарға ақ түсті бақытгүлі лайық. Ал, үлкен жастағы ана-әжелер психологтардың пайымынша, ұзақ тұратын және ақшаны текке рәсуа етпейтін үй гүлдерін алғанды жөн санайды.

Саттар Есімбеков, тілші;

Қызыл гүлді таңдарда мұқият болған жөн. Себебі, қою қызыл түс құмарлықты білдіреді. Ал, сары гүлді әдетте жігіт қызымен дау-жанжалсыз айырылғысы келген кезде сыйлайды. Ұстазыңыз бен жақын туысыңызға дәстүрлі мимоза дұрыс.

Сүйіндік Жамалбеков 30 жылдан бері гүл сатуды кәсіп еткен. Керемет сыйлықты адамның жас ерекшелігіне, қандай түсті ұнататынына қарай сыйлаған жөн, - дейді маман. Ол қазіргі таңда қарадан жасылға дейін экзотикалық гүлдер пайда болғанын айтады. Сондықтан бір орамға олардың бар түстісін жинамай, әр түрінен араластырып таңдаған жөн. Жасыл-үміт пен тілектің белгісі болса, көк түсті гүлдер адамның ерекшелігін көрсетуге талпынған кезде сыйға беріледі екен.

Сүйіндік Жамалбеков, гүл сатушы;

Ежелгі Шығыста гүлдің түсін жылдың мезгіліне сай таңдаған — солғын түсті гүлдерді — қыстың күндерінде, ақшылдарын — күзде, көк гүлдерді көктемде және қызылдарын жазда сыйлау дәстүрі болған.
 

Бауыржан Бүркітбаев анасына мерекелік сыйлық алу үшін дүкендерді аралады.  Шаңырақтың шамшырағына айналған аяулы жан үшін қасиетті құран кәрім сатып алуды жөн көрді. Ол құранды тәбәрік ету - отбасының ұйытқысы болған ана үшін ең үлкен сыйлық деп біледі.

Егде жастағы анаңызға шәлі, орамал сыйласаңыз, тіпті, қуанып қалары анық. Ал, жақын туысыңызға қонаққа барсаңыз, үй шаруасына қажетті заттарды, ыдыс-аяқты сыйлауға болады. Мамандар кеңесіне жүгініп көріңіз...

Саттар ЕСІМБЕКОВ 

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...