
Әйел – әлемнің нұры. Аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тамаша шара Төлебиде жалғасты. Қыз құлпырып, ана біткен жадырап, әжелердің жүзіне күлкі үйірілді. Қыз-келіншектердің мерейі үстем болды. Сый-құрметке бөленді
Айтыс ақыны Кәрима Оралованың арнауы қыз-келіншектерге тосынсый болды. Аудан басшысы Бұхарбай Парманов әйел затының қоғамды дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Оған, әсіресе, білім саласындағы нәзік жандылардың қосар үлесі зор», - деді әкім.
Бұхарбай Парманов – Төлеби ауданының әкімі
Еліміздің аяқтан тұруына, экономикасының жоғарылауына сіздердің қосатын үлестеріңіз өте көп. Елбасы айтқандай, Қазақстанның болашағы – жастар. Ал, ол жастарды тәрбиелейтін – сіздер. Бұл өте қиын мәселе. Бір жанұядағы мәселенің өзін шешу көптеген қиындық туғызып жатады. Ал, сонша баланы тәрбиелеп, оған ьілім беру, оның санасына жеткізу – өте қиын.
Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы мерекелік кеш барлық арудың жанын жадыратты. Жүректеріне жылу ұялатты. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу екендігін ұқтырды. Ер азаматтар дайындаған мерекелік концерт көп көңілінен шықты.
Нұрлан Мырзатаев – Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы
Барлық ер-азаматтар әйелдерді құттықтап, үлкен іс-шара өткізіп жатырмыз. Менің ойымша, мұның барлығы - елдің бірлігінің арқасында. Барша қазақстандық аруларды мерекеден мерекеге жете берсін деймін! Үйде береке болсын, жақсылық болсын!
Аналар – асыл жандар. Ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күш иесі. Сондықтан да, бұл қауымның қоғамда қашан да тұғыры биік!
АЙЖАН Әшірхан