ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Түрмедегі әйелдер де мерекені атап өтті

19:53, 6 наурыз 2017

Шымкенттегі ИЧ167/4 түзеу мекемесінде бүгін айрықша күн. 8-наурыз- халықаралық әйелдер күні қарсаңында темір тордың арғы жағындағы арулар өзара сынға түсті. Байқау шарты бойынша үміткерлер «үздік аспаз» және «үздік тігінші» аталымдары үшін бақ сынасты. Шеберлік сынына 10 жазасын өтеуші қатысты

8 – наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесі.  Көгілдір көктеммен бірге ілесе келген айтулы датаны  жазасын өтеп жүрген қыз-келіншектер де асыға күтеді. Бұл күні олар бар өнерін ортаға салады. Ән айтады. Би билейді.  Кірбің ұялаған көңілді серпілтеді.

Мейрамгүл Нұрбекова абайсызда кісі өлтіргені үшін қамалған.  Қылмыстық Кодекстің 96-ші бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Түзеу мекемесінде биыл 4-ші жыл отыр. Осында аспаз болып жұмыс істейді. Айтуынша, мекемеде өзге де мерекелер сынды 8 - наурыз күні де ескерусіз қалмайды екен.

Тағдыр жазуымен жаза басқан жандар өнерден кенде емес. Оны байқау барысынан аңғардық. Бірі - тағамның түр-түрін пісірсе, енді бірі сәнді кимі үлгілерін жұртшылық назарына ұсынды.

Қазір бұл мекемеде 200-ден астам қыз-келіншек жазасын өтеп жүр. Олардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған. Еңбегіне қарай жалақы да алады. Ал, бүгінгі шара олардың жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит 

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...