ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Ұлттық компания өкілдігі аналарды марапаттады

18:01, 14 наурыз 2017

Теріскейде - тағылымды іс. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында созақтық 110 ананың жүзі жадырады. Ақжаулықтыларға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасаған - «ҚазАтомПром» Ұлттық атом өнеркәсібіне қарасты «Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаратау ауыл-округінде 2 134 халық тұрады. Оның тең жартысына жуығы – нәзік жандылар. Серіктестік ұжымы береке - бірліктің бастауы, отбасының ұйытқысы болған батыр аналар, алтын алқа, күміс алқа иелері мен  жалғыз басты аналарды құттықтап, әрқайсысына 10 мың теңгеден үлестірді. Әйел жанындағы тыныштық, шаңырағындағы әлеуметтік тоқтық кез-келген қоғамға қажет дейді «қаратаулықтар».

Мұхтар  Бабаханов – «Қаратау» ЖШС-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі менеджері

Көктемнің керемет мейрамы болып жатыр. Біздің мекеме басшылары үлкен сәлемдеме айтып жатыр. Құттықтап жатыр. Сіздерге зор денсаулық бақыт, өмірлеріңіз ұзақ болсын.

Емен-жарқын жүздесуде жүздері бал-бұл жанған ардақтылардың ақжарма тілектері қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларды қанаттандыра түсті. Құшағы гүлге, қуанышы қойнына сыймаған ақ самайлыларға жергілікті билік өкілдері де құттықтауын жеткізді.

Оразхан Ермаханов – Қаратау ауыл округінің әкімі

Ақ жаулықты әжелер, аналарымыз, қыз-келіншектер сіздерді, әлемнің жақсылығымен теңестіруге болады. Сіздердің әр уақытта отбасыларыңызға, дендеріңізге саулық, береке-бірлік жақсылық тілейміз.

Қайырымдылық  - адами құндылық. Құдайберген Қанат бастаған кәсіпорын мұндай игілікті істі дәстүрге айналдырған. Биыл ұжым ауыл балаларына арнап, стадион салып бермекші. Спорт нысанына қажетті құрал-саймандарды да өздері түгендеп беруге ықыласты. Мереке соңы «Сұлу жеңге, ару қыз» атты байқауға ұласты. Ақын да, батыр да анадан туған.  Шаңырақтың берекесі. Шаруаның несібесі. Отбасының темірқазығы аналарға арналды бәрі.

ЖАНДАР Бекбергенұлы

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
13:47, 21 сәуір 2017
«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...