ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АГРОСАЛАНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ – ШЫМКЕНТТЕ

16:23, 13 маусым 2018

Бүгін облыс әкімдігінде... ауыл шаруашылығы ғалымдарының қатысуымен алқалы жиын болып өтті. Онда... саланы әртараптандырып, мол өнімділікке қол жеткізу тұстары талқыланды. Нақты ғылыми жобалар назарға ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы – ауыл шаруашылығына бейім. Қазір бір Сарыағаш ауданының өзінде 650 жылыжай тұрақты жұмыс істейді. Жергілікті шаруалар курортты мекенді өз өнімімен қамтығанымен, Елбасы айтқандай, республика үшін жеміс-жидек фабрикасына айнала алмай отыр. Өңір басшысы осыны түйреп айтты.

Қош, шешімін күткен мәселе жоқ емес. Бірақ шешу жолы қайсы? Оны шаруаларға ғалымдар айтып берді. Берекені көктен емес, еткен еңбектен, жерден іздегендерге ғылыми тұрғыда сауаттылық қажет. Бөрібай Жексембин аграрлық саладағы коммерциализация және ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу жайын түсіндіріп берді.

Қазір шүкір, өңірдің ауыл шаруашылығы саласының өн бойына мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қан жүгірген. Агроөнеркәсіп кешені дамып келеді. Азық-түліктің импорты төмендеп, қарапайым халықтың тұрмысы түзелген. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының мәлімдемесінен көптің түйгені осы.

Алқалы жиында ғылыми өндірісті интеграциялау жайы айтылды. Өңір басшысы шаруаларға мал жаю алқаптарының ауқымын кеңейтуге кеңес берді. Тауарды шикізат күйінде саудалауды шектеп, терең өңдеуге көшуді ұсынды. Аймақтың әлеуетін пайдаланып, ғалымдармен келіссөздер жүрізуді тапсырды.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...