ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» - АГРОСАЛАНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРМЕК

15:20, 24 қазан 2018

Ауылшаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру. Экспортқа шығарылатын өңделген өнім көлемін көбейту.Бұл- аграрлы саланың басты мақсаттарының бірі. Алға қойған межеге жету үшін, жаңа технологиялар мен интелектуалды жүйелердің маңызы зор. Цифрландырудың арқасында, шарулардың ісіне қаржылай қолдау көрсетіледі. Отандық өнімнің экспорттық әлеуеті де нығаяды.

Қазығұрт ауданындағы мына серіктестік өңірдегі ең ірі ет экспорттаушы  шаруашылықтың бірі. 12 мың  ірі қара бордақылайды. Биылдың өзінде Иран мен Өзбекстанға 2 мың тонна ет саудалады. Агросалаға жасалатын мемлекеттік қолдау енді шаруашалық жұмысының аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Серіктестік басшылары соны пайдаланып, тағы 10 мың ірі қара бордақылайтын кешен құрылысын бастауға ниетті. 

Сырым Ертаев -  Шаруа қожалығының төрағасы

Бүгінгі Жолдауда 2020 бағдарламасын 2025 жылға дейін созу туралы айтылды. Ол бізге үлкен қолдау. Сона соң несиелер беру, қаржыландыру жөнінде, экспортқа шығарып жатқандарды, бизнесті қорғау  деді. Бұл кәсібімізді дамытуға септігін тигізеді.

Жолдау, жермен жан баққан шаруаның да жұмысына серпін әкелгелі отыр. Аграрлы ғылымды дамыту, озық технологияларды пайдалану нәтижесінде  егіншіліктің өзіндік құнын төмендетеді. Жерді тиімді игеруге шаруаларды ынталандырмақ. . 

Хабибулла Азимов  - Шаруа қожалығының төрағасы

Аграрлы сала қазіргі күнде инвестицияға, жаңа технологияны қажет етіп тұрған сала. Тамшылатып суару, гидропоника, жер асты суларын пайдалану технологияларын қолдау қажет. Жолдауда Президент осы нәрселерге  айырықша тоқталды.

Жолдауда айтылған басты міндеттің бірі: экспортқа шығарылатын өңделген өнімді  екі жарым есеге көбейту.  Бұл мақсатқа жету үшін облыста ауылшаруашылығын дамытудың 2025 жылға дейін тұжырымдамасы жасалды. Мұнда өнім көлемін ұлғайтудың нақты жолдары белгілген.  

Нұрбек Бадырақов - Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы

Бұл ненің есебінен болады. Бұл біздің облыста тамшылатып суару, жылыжайлар, қарқынды баулар, сонымен қатар мал бордақылау лаңдары, сүт сауу бекеттерін орнату, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қараны 2,5 есеге көбейту көзделіп отыр.

Түркістан аграрлық салада тиімді технологияларды кеңінен пайдаланып келе жатқан өңірдің бірі. Бүгінде аймақтағы егістік алқаптың 1 мың 800 гектары тамшылатып суарылады. Ал, жылыжай көлемі 1 мың 285 гектарға жетіп отыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ       

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...