ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БАҚША ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

16:08, 22 тамыз 2019

Қазығұрт ауданында бау-бақша өнімдерін жинау жұмыстары қарқын алды. Бір ғана «Амангелді» шаруашылығы бүгінгі таңға дейін 200 тонна жүзім, 280 тонна алма жинаған. Ауылшаруашылық тауарының бір бөлігі солтүстік өңірлерге, Ресейге экспортталуда.

«Амангелді» шаруа қожалығы бау-бақша өнімін дайындауда көш бастап тұр. Істің көзін тапқан шаруашылық биылғы жаз мезгілінің ыстық болғанына қарамастан өнімді баптай білген. Соның арқасында Түркістан облысының аудан-қалаларынан бөлек, ел аумағын табиғи, таза бақша өнімімен қамтып отыр.

Шаруашылықтың алдағы жоспары ауқымды. Мамандар бақша көлемін артып, жемістің түрін көбейтуді көздеп отыр. Мол өнімділікке қол жеткізуге шетел тәжірибесі алынған. Оны жергілікті тұрғындар да меңгерген. 

Алма, алмұрт    жинау науқаны басталғалы мектеп оқушылары да жұмыс істеп жүр. Ақниет Тасболтаева Ақбастау мектебінің оқушысы. Үш жылдан бері жазғы демалысын осы бауда өткізеді. Ондағы ойы – ата-анасына қолғабыс ету.

«Амангелді» ЖШС 3 мың гектар жерді баптап, пайдаға асырып отыр. Мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық 2005 жылы арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болған.

Аудан көлемінде егілген бау бақша өнімдерін сақтау мәселесі де дұрыс жолға қойылған. «Амангелді» ЖШС тігінде екі мың тонналық жеміс жидек өнімдерін сақтау қоймасы да толық іске қосылып, жұмыс істеп тұр.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...