ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚШАДА ЖЫЛЫЖАЙ ӨСІРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

14:46, 23 сәуір 2018

Созақ ауданы Қызылкөл елдімекенінің тұрғындары... балабақшадағы баласының тамағы үшін... ақы төлемейді. Неге дерсіз?! Өйткені, мұндағы «Қайрат» балабақшасында жылыжай өсіру ісі қолға алынған. Тәрбиешілер алдымен... қияр екті. Кейін балаларды да осы іске баулып, құлпынай көшетін отырғызды. Мектепке дейінгі мекеме былайша айтқанда, өз-өзін қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Тамаша бастама туралы тілші әңгімесі.

Балабақша 45 орынға арналған. Шаттық мекенінде жылыжай салуды ұжым басшысы біраздан бері армандады. Әзірге 7 соттық жерді шағын шаруашылыққа айналдырған. Қияр көкөнісін өсіріп, қазіргі таңға дейін 300 келі өнім алды. Онысын балаларға ұсынды. Қалғанын төңіректегі бақшаларға сатты. Қазір жеміс ағаштарын да отырғызуды қолға алған.

Нұржамал Төлеуова – «Қайрат» балабақшасының меңгерушісі

2008 жылы балабақша ашылды. 2009-дың наурыз айында үлкен шара өткіздім, әр балаға 3 жеміс талдан ектірдік. Қазір ол жерде 115 алма ағашы бар. Оның жемісін балаларға алма да ретінде, компот ретінде де береміз

«Өз жемісімізді өзіміз өсіреміз». Ұжымның басты қағидасы – осы. Балабақша аумағында қазір 4000 түп терек ағашы, 1000 түп раушан гүл, 80 түп жүзім ағаштары өсірілуде. Балабақша асханасына қажетті картоп, пияз, сәбіздерді өздері егіп, қысқа сақтап қояды. Төл өнімнен түскен қаржыға жылыжай көлемін үлкейтуді қолға аламыз, - дейді балабақша меңгерушісі. Жері таңдалып, қазу жұмыстары басталып кеткен.

Нұржамал Төлеуова – «Қайрат» балабақшасының меңгерушісі

Кеңейту мақсатында осы жерден 7 соттық жер дайындап қойдым. Мынаны енді үлкейтіп, полигалмен қоршатамыз. Қияр егіп жатсақ, енді қызанақ егу жоспары бар.

Ақпанның 25-30 градус аязында егілген қияр алғашқы өнімін осылайша бере бастады. Ел ішінде қазір: «Созақта  күн райы суық, жылыжай салуға аңызақ жел мұрсат бермейді» деген пікір өзгерген. Бұл да болса, періштедей пәк балалардың несібесіне!

ЗЕРЕК Мұратбекұлы

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...