ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БИОЛОГИЯЛЫҚ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛМЕК

11:40, 5 сәуір 2019

"Мақта дақылының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күрес әдістерін дамыту". Биыл Жетісай және Мақтарал аудандарының мақталық алқаптары 70 пайыз биологиялық әдіспен өңделетін болады. Бұл туралы Жетісай биофабрикасында өткен халықаралық семинар барысында айтылды. Жиында биоагенттердің сапасын бақылайтын зертхана ашу жөнінде бастама көтерілді.

Биыл көктемде  жаңбыр жиі жауғандықтан мақта зиянкестеріне аса қолайлы жыл болып тұр. Сондықтан аудандағы биоагент өндіретін 24 биолабораторияның барлығы сақадай сай тұруы тиіс. Себебі, зиянкестер алдымен алқап айналасындағы арамшөптерде пайда болып, ұрық көбейтеді. Семинар барысында жауаптылар әуелі осы мәселеге көңіл аудару қажет екендігін айтты. Бұл ретте көрші Өзбек елінен келген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Ахрор Сағдуллаев - Өзбекстан Республикасы өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары

Мен бүгін өз тәжірбиеммен бөлісуге келдім. Біз ең алдымен зиянкестердің көзін жою керекпіз. Олар көбейіп кетсе, алқапта қаптап кетеді. Сондықтан біз зиянкестермен ерте көктемде күресу керекпіз.

Бүгінде аты бар  заты жоқ биолабораториялар баршылық. Тек қағаз жүзінде жұмыс істейтін мұндай мекемелер субсидиядан да қағылатын болады. Жиында биоагенттердің сапасын бақылайтын «Сапа және аналық»  зертханасын ашу жайы талқыланды. 

Пердебай Абдразақов - Түркістан облысы бойынша биоагент өндірушілер қауымдастығының төрағасы

 Бірінші биоагенттің тиімділігін арттыру үшін оның сапасы жақсы болу керек. Сапасын анықтайтын зертхана болу керек.Бұл зертхана әлі біздің ауданда жоқ. Мұны ашпай, сапаны жақсылауға болмайды. Ал енді, сапасы жақсы болмайтын биоагенттерден оның тиімділігі нашар болатыны белгілі.

Қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ, экологиялық таза бұл әдісті тек қана мақтаға емес, басқа да дақылдардың зиянкестеріне қолдануымыз қажет. Осылай деген, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев биологиялық әдісті дамытудың үш түрлі бағытын ұсынды. 

Жамантай Бейсенбаев - Жетісай ауданының әкімі

 Құрамында пецтициді бар, гербициді бар өнімдерді шығарудан біз аулақ болуымыз керек. Біз экологиялық таза өнімді шығаруға екінші бағытты қойсақ. Осы биологиялық әдістерді қолдану арқылы эко өнімнің өнімін Елбасы тапсырмасына сәйкес 2,5 есеге көбейтуіміз керек. Оған аудан тарапынан әрбір лабораторияға, әрбір ауыл әкімшіліктеріне барлық агротехникалық жұмыстар басталғаннан бастап біткенге дейін барлық лабораторияларға, әрбір округке бір маманнан қою керек.

Өткен жылы мақта алқаптарының 60 пайызы осы биологиялық тәсілмен өңделген болатын. Биыл да бұл үрдіс жалғаспақ . Тек биоагент сапасына көбірек мән берілмек.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...