ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«БӨРТЕ МИЛКА» - БІРЕГЕЙ КӘСІПОРЫН

12:41, 28 тамыз 2019

Өңіріміздегі бірегей сүт өндіруші «Бөрте милка» ЖШС өндіріс көлемін артырып отыр. Жобасының жемісін көрген серіктестік Венгрия елінен тағы да 33 бас сүтті сиыр алдырып отыр.

Осыдан төрт жыл бұрын Голландиядан Голштейн тұқымды  408  сиыр  алдырып кәсібін бастаған серіктестіктің бұл күндде шаруасы шалқып тұр. Ірі қараның аналық  саны  600-ден асқан. Оның 380-і сауын сиыр. Кәсіпорын күніне 11 тонна сүт өндіреді.

Қуаныш Мәмбетов – Ферма меңгерушісі

Әр сиырымыз қазір 30-35 литрден сүт береді. Арасында рекордсмендерімізде бар 60 литрге дейін береді. Голштейн деген порода бәріде бізді асыл тұқымды. Уақытысында сол мемлекеттен алдырылған болатынбыз

Сиыр фермасы толығымен автоматтандырылған. Қорадаға ауа 25 градустан жоғарыласа арнайы желдеткіштер іске қосылады. Малдың малағы да аппаратпен  тазаланады.  Сиырларды сауу   роботтарға жүктелген. Лазер сәулесі арқылы ойсыл қараның әр қайсысын жеке танитын қондырғылар  желінді де өзі  шаяды. Ал бұл сиырлардың төлі жеке кәсіпкерлерге сатылады.

Қуаныш Мәмбетов – Ферма меңгерушісі

Бізде асыл тұқымды болғаннан кейін өгізшелерімізді ірі қара тұқымын асылдандырамын деген жеке кәсіпкерлер алып жатады. Ал қашарларды болашық сиырға дайындаймыз.

«Бөрте милка» ЖШС-і күніне 50 тонна сүт өндіруге қауқарлы.   Болашақта ферманы үлкейтіп, мал басын арттыру жоспарланған. Ордабасы ауданындағы ірі сүт өндіруші серіктестік жоғары сапаға аса мән береді.

К. ДҮЙСЕНБІ    

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...