ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕТ ЭКСПОРТЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП ОТЫР

15:51, 4 шілде 2018

Ұлт жоспарының 61-ші қадамында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев... Үкіметке... ет өнімдері экспортының... көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Бұл міндетті біздің аймақ жүйелі жүзеге асырып отыр. Бір ғана Қазығұрт ауданындағы «Қайып ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ел аумағымен қатар, Ресей, Өзбекстан, Израил елдеріне ет жөнелтіп, көш бастап тұр. Шаруасы шалқыған кәсіпкерлік нысанына біздің түсірілім тобы арнайы барып, қолға алынған жобаларға қанықты.

Мал сою бекеті шетелдің ең озат тәжірибесін өндіріске енгізген. Ондағы ой – өзіміздің өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру. Көрген-үйренгеннің, ізденістен түйгеннің нәтижесінде мол табысқа қол жеткізіп отыр. Қазір Ираннан сұра­ныс көп. Алғашқыда 10 мың қой жіберіп отырған. Бүгінде күніне 2-3 мыңын жөнелтеді.  

Түркістан облысы әлем елдері үшін қауіпсіз ет экспорттау аймағына айналған. Бұл да еңбекқор елдің, дамуға бет алған мемлекеттің білікті басшысының арқасы. Осыған байланысты, алпауыт серіктестік өзбек кәсіпкерлерімен  де ұзақ мерзімге  келісімшарт түзген.  Кешенде өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза, әрі сапалы болғандықтан, сұраныс өте жоғары. Көліктерге тиелген ірі қара енді Өзбекстанға жол тартқалы тұр.

Халал, әрі сапалы етті халыққа ұсынуға дейінгі кезеңде де қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Бұл істі қазығұрттық 60-қа тарта азамат игереді. Осы орайда, ауданда кәсіпкерліктің қарқын алуы қараша халықтың әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...