ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

12:06, 23 тамыз 2019

Ауа райы қолайлы жері шұрайлы аймақта қарқынды бау шаруашылығында кедергі көп. Жеміс ағашын өсіруге арналған отандық дәрумендер жоқтың қасы. Білікті агрономдар аз. Ордабасы ауданында өткен семинарда бас қосқан жас кәсіпкерлер мен шаруалар осы мәселелерді алға тартты.

Бұл семинардың өтуіне  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мұрындық болған. Басты мақсат аймақтағы қарқынды бау шаруашылығын дамыту.    Түркия елі мен Алматы қаласынан келген ғалымдар қарқынды бау шаруашылығының тиімділігін егжей-тегжей түсіндірді. Жиынға келген 40-қа жуық жас кәсірпкерлер мен ауылшаруашылығы мамандары өз мәселелерін алға тартты.  

Бақтияр Тағаев -  «Александровский сад» ЖШС директоры

Негізгі мақсат бүгінгі таңдағы қарқынды бақтарда өндірілетін өнімдерді терең өңдеу мәселесі әңгімеге арқау болып жатыр. Сондай ақ осы бақтарда қызмет істейтін жас мамандарды дайындау мәселелері қозғалды. Оларды жақын алыс шетелдерде оқыту керектігі де әңгімеге арқау болды.  

Бұл жиынның Ордабасы ауданындағы  «Александровский сад» серіктестігінде өтуінің өз себебі бар. Серіктестік  2016 жылдан бері қарқынды бау шаруашылығын дамытумен айналысып келеді. Мұнда  40 гектар аумақта Түркиядан алдырылған алманың 5 түрі өседі.  Алдағы уақытта аудан табиғатына ыңғайлы сүйекті дақылдарды өндіру көзделіп отыр.    

Бақтияр Тағаев -   «Александровский сад» ЖШС директоры

Ауданымызда сүйекті жемістерді өсіруді қолға алсақ деп отырмыз. Әсіресе сары өрік абрикостарды қара өріктерді өсіруді ойлап отырмыз. Шабдалыларды өсіру керектігін жоспарлап отырмыз.

Жиынға келген агрономдар өз мәселелерін ортаға салды.   Шаруаларды  толғантатын мәселенің бірі отандық   тыңайтқыштардың  аздығы. Шет елдік дәрумендер қымбат.  Қарқынды бау шаруашылығында білікті мамандар тапшылығы байқалады. Сонымен қатар жемісті сақтайтын  қолжетімді қоймалар аздығыда назардан тыс қалмады.

К. ДҮЙСЕНБІ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...