ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАРНАҚТАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ІС

11:58, 16 тамыз 2019

Қаратау баурайындағы Қарнақ ауылында бүгінде агроөнеркәсіп қарқынды дамуда. Ондағы шаруалардың бірі - егін егіп, мал бақса, енді бірі бау-бақша өсіріп, нәпақасын айыруда. Бұған дәлел - «Шахнұр» шаруа қожалығы. Мұндағылар үй іргелік жердің өзінен –ақ, 40 тоннаға дейін көкөніс жинауда. Соның арқасында өздері де табыс тауып, ел – жұртты да берекеге кенелтуде.

Агроөнеркәсіп -  еліміздің негізгі табыс көзінің бірі.  Жылыжай ісін өрге домалатқан Валихан Асанов кәсібін 2010 жылдан бастаған. Шаруа қазіргі таңда өнімнің гектарын үш есеге  ұлғайтып, Қарнақ ауылының тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.

Валихан Асаев - «Шахнұр» шаруа қожалығының төрағасы

Жалпы жылыжайымыздың аумағы 30 соттық. Бір жылда 40 тонна өнім аламыз, оның ішінде қияр,қызанақ т.б көкөністер бар. Өндірілген өнімнің барлығын Кентау қаласына өткіземіз.

Шаруа жылыжайда көкөніс өнімдерінен қияр, қызанақ, болгар бұрыншын өсіруді қолға алған. Сондай-ақ, мұнда Ташкенттен арнайы әкелінген лимон да бар. Өнім жылына  20 тоннадан кем бермейді.   Мұның бәрі израильдік  заманауи технологиямен егіліп, бапталады. Өнім сапасының артуы  тек технологияда ғана емес, сонымен қатар бағбандардың күтіміне де байланысты дейді,-кәсіпкер.

Валихан Асаев - «Шахнұр» шаруа қожалығының төрағасы

Өнімнің сорты Голландтық және Израильдік. Өнімнің жақсылығы сортынада күтімінеде байланысты, өз уақытында суын беріп тұрған соң жақсы өнім аламыз

Өнім тек Түркістан облысына ғана сатылымға шығады. Себебі, сұраныстың көптігі сонша, аймақтан артылмайды.

Мадина Әсембек - тілші

ШахНұр шаруақожалығы жылына жылыжайдан 40 тонна өнім алады. Бұл өнім арнайы израйльдік технологиямен отырғызылған.  Бүгінгі таңда жылыжайда 8 жұмысшы жұмысқа тартылған. Кентау қаласы,

М. ӘСЕМБЕК              

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...