ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

13:51, 16 мамыр 2018

Қазығұрт ауданы - таулы аймақтардың бірі. Биылғы көктем мұнда жауын-шашынды болды. Сол себепті, кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары кеш басталды. Дегенмен, бұл науқанға байланысты әзірге қиындықтар жоқ. Мамандар күн қатты ысымай тұрып, ауыл маңы мен қора-қопсыны дәрілеп, малды тоғытуға кіріскен.

Қазығұртта Конго-Қырым қызбасынан қауіп жоқ емес. Осыны ескерген аудан ветеринарлары зиянды жәндіктердің алдын-алу шарасын бастап кеткен. Жоспар ауқымды. Айналасы бір айда 99 мың 300 малды бүрку қажет. Биыл ірі-қараның  376  мыңға жуығы тоғытылады. Сала мамандары: «мал мен қора-жайларды кенеге қарсы өңдеу жұмыстары күзде тағы қайталанады», - дейді. Ал, ауыл тұрғындары болса, бұл игі  істі құптап отыр.

Қазығұртта 64 елдімекен бар. Көктемгі дезинcекциялау шаралары негізінде барлық ауылға қажетті мамандандырылған көліктер жұмылдырылған. Арнайы техникалар көмегімен 2 млн. 210 мың шаршы метрлі аумақ кенеге қарсы залалсыздандырылды. Бұған бюджеттен  15 млн. 178 мың теңге  жұмсалды. Тиісті мамандармен бірге ауыл тұрғындары да белсене атсалысуда. Олар қосымша дәрі-дәрмектерін алып, өз беттерінше аулаларын тазартуға кіріскен. Кенеден қауіп қашанда зор. Мамандар тазалыққа бекем болып, улы зиянкестерден сақтануды ескертеді. 

М.ӘСЕМБЕК                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...