ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

13:13, 23 шілде 2018

Төлеби ауданында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Қазір жергілікті биліктің ықпалымен арнайы индустриалды аймақ құрылып, кәсіпкерлерге мейлінше жағдай жасалуда.

«Тәліпжан» шаруа қожалығының негізі қаланғанына міне, тұп-тура 4 жыл. Істің көзін таппай, әр кәсіптің басын бір шалып жүргенде... жергілікті биліктен тамаша ұсыныс түседі. Ол бойынша құс шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытатындар үшін индустриалды аймақтан жер бөлінеді. Инфрақұрылыммен қамтылады. Жеңілдікке Тәліпжан Ирсаев ие болды.

Қазір мұнда жергілікті «Қайнар құс» құс шаруашылығынан әкелінген 1 күндік балапандар күтіп-бапталуда. 6 мың дана шөжені 1-2 ай көлемінде өсіріп сатады. Бұл жұмыстармен жергілікті 16 азамат айналысуда. Солардың бірі – Исамуддин Егистаев.

Төлебиде құс етіне сұраныс жоғары. Осыны ескерген қожалық иелері қазір индустриалды аймақ жанынан құс сою бекетін ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін қажетті жабдықтары да дайын. Шаруа қожалығы құс шаруашылығының аяқтан нық тұрып кетуі үшін «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 16 миллион теңге несие алған. Жылдық үстемесі 7 пайызды құрайтын кредитті ай сайын үзбей төлеп келеді. Осы орайда кәсіп ашып, іс бастауға мүмкіндік берген мемлекетке алғысы шексіз.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...