ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

МАҚТА ЖАҢА ТӘСІЛМЕН ЕГІЛІП ЖАТЫР

16:42, 13 шілде 2018

Шардара ауданында биыл мақтаны тиімді әрі жаңашыл тәсілмен еккен диқандардың қатары көбейді. Өйткені, былтыр тәжірибе ретінде еккен мақталықтың әр гектарынан олар 55-56 центнерден өнім алған. Бұл қалыпты егістен 2 есе жоғары болып отыр.

ҒАНИ ҚАЛМАХАНОВ - ТІЛШІ

Мақта тұқымы бұрынғыдай ашық алқаптарға емес, мынадай полиэтиленмен қапталған арықтарға себілген. Бұл, жердің ылғалын сақтайды әрі топырақты тез қыздырады. Соның арқасында мақта жылдам өсіп жетіледі. Әрі өнімділік те екі есеге дейін артады.

Мына шаруашылық биыл 300 гектар жерге осындай тәсілмен мақта екті. Қазір желегі жайқалып, өнімге гүл ашқалы тұр. Өзгелерден тағы бір артықшылығы мұнда тұқым себуден бастап, жиын-терім жұмыстарының барлығы дерлік техниканың күшімен атқарылады. Егіс тұтастай тамшылатып суарылады. Ол үшін бірнеше жерден арнайы тоғандар істелген. Тыңайтқыштар мен зиянекестерге қарсы дәрілер осы жерде араластырылып, егістікке сумен бірге жеберіледі. 

Базарбай Ахметов - агроном

50 пайыз адам күшін азайттық. Суға қарайды болды. Бұрынғыдай кетпен ұстап, шөп шаппайды. Қалған арам шөп, өнімге отырғызу үшін дәрі шашамыз.

Қазір осындай табысты тың тәсілді бірнеше шаруашылық  қолданып отыр. Өйткені Шардарада суармалы егіс көлемі аз.  Егіске жарамды жердің аумағы 59 мың гектар. Енді игерусіз жатқан немесе жайлым ретінде ғана пайдаланылып келген жерлерді суландыру үшін іргедегі су қоймасы мен Сырдария өзеніне қуатты су сорғылар орнатылмақ.  Соның арқасында Жаушықұм жазығындағы 12 мың гектардан астам жерге  шаруалардың егін егіп, табыс табуына мүмкіндік туады.

Болатбек Қыстауов - Шардара ауданының әкімі

Биылғы жылдың өзінде ауылшаруашылығы  саласындағы өндірілген өнім көлемін 30 млрд-қа жоспарлап отырсақ, осы Жаушықұмдағы 12 мың 162 гектардан 11 млрд теңгеге, яғни 583 мың тонна өнім өндіріледі. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Үкіметтің қолдауы арқасында жүзеге асқалы отырған бұл жұмысқа қазынадан 13 миллиард 600 миллион теңге жұмсалмақ. Жобаның экономикалық техникалық негіздемесіне қатысты құжаттар әзірленіп қойған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...