ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

МОДУЛЬДІ МАЛ СОЮ БЕКЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

11:19, 16 тамыз 2019

Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында мал сою бекеті ашылды. Құны 11 млн. теңге тұратын құрылғы Алматы қаласынан әкелінген. Жобаның жетекшісі «НұрФархат» шаруа қожалығы. Айта кетейік, бұл - 2019 жылы жүзеге асырылатын ең ірі 50 жобаның бірі.

«Нұр Фархат» шаруақожалығында мал союға барлық жағдай жасалған.  Соңғы үлгідегі   технологияның көмегімен мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды.  Мұнда жалпы  5 адам жұмысқа тартылған.  Мамамандар малды  соярдан бұрын арнайы тексерістен өткізіп,   әкелінген малдың қаншалықты жарамды екенін анықтайды. Рұқсат берілгеннен кейін ғана мал  сою алаңына кіргізіледі.

Фархат Абдуллаев - кәсіпкер

Алматыдан алып келдік. Бәрі дайын. Орнатып, светке қосып, міне қосымша обьектілерін салсақ болды. 11млн-ның 7,5 млн-нын мемлекет жәрдем етті. Жеңілдетілген кредитпен. Қалған 7-8 млн. қосып бітірдік.

Сойылған мал еттері   бекет  ішіндегі арнайы тоңазытқышқа сақталады. Олардың әрқайсысының төлқұжаты, тізімі туралы ақпарат  компьютерге тіркелген. Тіпті, мұнда кезектегі сойылатын  малдарға арналған     қоражай да бар. Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

11 миллиондық бекеттің    5 жарым миллионын мемлекет субсидиялап, қолдау жасаған.    Заманауи үлгідегі    бекетте  қазір күніне ірілі – ұсақты  30- ға жуық мал сойылуда. 

М.ӘСЕМБЕК   

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...