ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ФЕРМЕРЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

19:19, 27 маусым 2018

«Агроөнеркәсіпті дамытуда фермерлер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының рөлі». Бүгін Шымкенттегі аграрлық колледжде өңір фермерлері бас қосты. Форумда шаруа қожалықтары мен кооперативтердегі өзекті мәселелер талқы таразысына салынды.

Алқалы мәжілістің мақсаты -  ауыл шаруашылық  саласын жаңғырту мен агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті маман даярлау. Техникалық және кәсіптік  білім берудің  маңызын  арттыру.  Жиынға 13  аудан,  170 ауылдық округтің фермерлер одағы өкілдері мен шаруалар қатысты. Мамандар  ауыл шаруашылығы  кооперативтерін құру, оларды  қаржыландыру бойынша тәжірибе алмасты. Жайылым мен несие, сондай-ақ, субсидия мәселесі де өзекті тақырыпқа айналды.

Әуезхан Дәрінов - «Қазақстан  фермерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  президенті

Жылдан жылға  келе  жатқан  мәселе-кредиттік  мәселе. Қай  мәселе  болса  да  шаруашылыққа, мысалы,  біздің  айтатынымыз ұзақ  мерзімге  берілетін  кредит  болу  керек.  Бүгінгі  күні  сол  талданып  жатыр, қаралып жатыр. 15  жылға  дейін,әсіресе, мал  төңірегінде  берілетін болып, пайыз  азаятын болып, сондай  мәселелер көтеріліп  жатыр.

Ауылшаруашылығы - экономиканың негізгі драйвері. Алайда, бұл бағытта білікті кадр тапшы. Бүгінде өңірімізде  агроном, мал  дәрігерлері, механизатор, зоотехник секілді маман иелерінің жетіспеуінен саланың желкенін жел кермей тұр. Ендігі міндет – жастарды мамандықты дұрыс таңдауға үндеу. Заман талабына сай кәсіп иесін даярлауға күш салу.  

Жүсіп  Шәріпов - Түркістан  облыстық  фермерлер  Одағының  төрағасы

Шаруа  қожалықтарына  көптеген  кадрлар  жетіспейді. Көптеген  аудандарда  кадрлар жоқ.т  Бұдан  кейінгі  уақытта  техникалық, кәсіптік білім беретін ұйымдармен  байланыса  отырып, осында  тәрбиеленіп, білім алып  шығатын  кадрларды  ауыл  округтеріне  тұрақтандыру.

Айта  кету  керек,  соңғы  екі  жылда облыстың  агроөнеркәсіптік  өндірісінің дамуында оң өзгерістер байқалады. Жалпы өнім  көлемі жөнінен өңірдің  республикадағы  үлесі 17 пайызды  құрайды.  Бұл – еліміз бойынша ең үздік көрсеткіш.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                                                

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...