ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ТЫҢ ТӘСІЛ

13:29, 11 қазан 2019

Түркістанда мыңдаған гектар алқапқа жаңбырлатып суару әдісі енгізілмек. Қазір америкадан әкелінген заманауи құрылғылар қала аумағындағы егістік жерлерге орнатылып жатыр. Тың тәсіл өнімділікті арттырып, су шығынын азайтады, деп күтілуде. Оға қоса бұл Облыс әкімінің азық-түлік белдеуін құру тапсырмасын жүзеге асыруға негіз болмақ.

Ағын судың тапшылығынан мына алқаптың біразы қуарып, бос жататын.

Енді қайта қолға алынды. 78 шаруа қожалық біріктіріліп кооператив құрылды. Оларға әлеуметтік корпорациясы мен ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры

Қомақта қаржы берген. Шаруалар оған АҚШ-тан 4 бірлік жаңбырлатып суару машинасын әкеліпті. Бұл облыс әкімінің  азық-түлік белдеуін құру туралы тапсырмансының негізінде жүзеге асты.

Мақсұт Жарылқасын – тілші

Мына ұзындығы 460 метр болатын құрылғы 18 сағатта 72 гектар алқапты суаруға қауқарлы. Америкадан әкелінген апараттың көмегімен суды да үнемдеуге болады. Мәселен, 9 миллиметр тереңдікпен 72 гектар жерді суару үшін бар болғаны 2300 текшеметр су жұмсалады.

Замани қондырғылар ағын суды үш есе үнемдейді. Оған қоса жаңбырлатып суғару өнімділікті еселеп арттырады екен. 

Нұрбек Бадырақов – облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы

Бұрындары мысалы жүгеріден 100-120 центнерден өнім алатын болса енді оның көлемін 300 гцентнерге дейін жеткізу және бидайдың түсімділігін 20,25 центнерден 40-45 центнерге жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы биыл құны 500 миллион теңге тұратын тиімділігі жоғары қондырғының 18 данасын әкелу жоспарланған. Қазір оның 4-уі жеткізілді. Қалғаны жыл соңына дейін орнатылады. Сөйтіп келер жылдың көктемінен бастап қала маңындағы  мың гектар жер жаңбырлатып суарылады. Ал, оған қажетті су Арыс-Түркістан каналынан алынады. Ол үшін 3 шақырым жер бетондалып, 3 ұңғыма қазылды. Егер ағын су жетпей қалған жағдайда жер асты суы пайдаланылады.

Бақытжан Байжомартов -ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы

Арыс-Түркістан каналы арқылы бізге су төрт жүйемен келеді. Мына жерде үлкен бассейн салынған. Шетінен су құйылып тұрады. Осы бассейннен қондырғылардың барлығына құбыр арқылы су жеткізіліп тұрады.

Айтып өтейік, азық-түлік белдеуін құру ісі тек мұнымен шектелмейді. Аталған жоба бойынша жалпы Түркістан қаласының аумағынан құны 70 млрд теңге болатын бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде ірі тауарлы сүт фермасын салу, етті құс фабрикасы және үлкен жылыжай кешенін іске қосу сынды жобалар бар. 

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                           

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...