
Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жетілді. Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр.
Қарбыздың дәні көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген. Аталған егіннің қарбыздың ерекшелігі тұқым ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді.Ел арасында шөл қарбызы атанған бақша дақылының ерекшелігі - ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалануға оң ықпал етеді. Салмағы көп. Кейбірі тіпті 20 келігіе дейін тартады. Ыстыққа да , суыққа да төзімді. Қысқа сақтауға да болады. Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.
Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ