ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР

12:27, 17 шілде 2018

«Қыстың қамын жаз ойла!». Жаздың әрбір күні - жылға азық. Бұл мезгіл қарбалас тірлікке толы. Әсіресе, ауылдықтар үшін шөп шабу - жауапты науқан. Осы орайда созақтық шаруалардың шақшадай басы... шарадай қазір. Өйткені, биыл шөптің шығымы аз. Соған сай бағасы да шарықтап тұр.

Шөптің қымбат болуы мал баққан қауымға оңай болмайтыны анық. Осыған байланысты ауылдықтар өңір басшысына өтініш-тілектерін айтуда. Шаруа жайын түсінген облыс басшысы шөп бағасын реттеуді сала мамандарына тапсырды. Биліктегілер жедел іске кірісті. Мал қарасы қалың Жартытөбе, Құмкент ауыл округтерінде болып, мал азығының қымбаттау себебін анықтады. Бағаны төмендету жолдарын іздестірді.

Айта кетейік, былтыр жәй шөптің бір түгі 100-120 теңгеден сатылса, биылғы баға 300 теңгеден кем болмай тұр. Жол шығынын есептей келе  400 теңгеге бір-ақ шығады.  Оған қоса, техника қызметі де қымбаттап кеткен. Бұл шаруалар үшін ауыр соғатыны анық.  Сала мамандары ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып, мал азығы бағасын  арзандату жолдарын қарастырды. Қалай дегенде де, шөптің бағасының шарықтауы шаруаға оңай соқпайтыны анық. Қысқы азықты молынан жинап алған қожалықтар мүмкіндігі аз шаруаларға қол ұшын созғаны дұрыс. Ауыл аралас, қойы қоралас болған соң, бірлесіп мал баққанға не жетсін?! Ағайындық, ауызбіршілік осындайда қажет.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                           

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...