ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ШЫМҚАЛА ШАРУАЛАРЫ МОЛ ӨНІМ АЛУДА

13:19, 20 шілде 2018

Өнеркәсібі өрге басқан Шымкентте ауыл шаруашылығы да дамыған. Бұл - қала аумағының кеңейіп, еңбеккерлер санының арту есебінен ілгері басқан тірлік. Биыл шымшаһарда егістік алқап 28 мың 700 гектарға жетіп, өнім бітік шықты.

Қала аумағында суармалы жер көлемі 10 мың гектарға жетіп отыр. Соған сай өндірілген көкөніс көлемі едәуір артты. Биыл шаһар шаруалары 3 мың 500  гектар жерге бақша, көкөніс дақылдарын екті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сәкен Сатқанбаев - «ШымкентСуШар» МКК басшысы

Біз қазіргі таңда шаруа қожалықтарымен ағын суды бекітілген тариф бойынша қамтамасыз етеміз. Бізідің су шаруашылығы мекемесінің меншігінде 25 каналымыз бар. Оның жалпы ұзындығы - 198 шақырым. Қазіргі уақытта барлығымен келісім-шарт негізінде ағынсумен қамтамасыз етіп жатырмыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бітік шығуы ағынсуға көп  байланысты. Қала аумағындағы шаруа қожалықтары мен үй іргелік жерлерді ағынсумен қамтамасыз етуде «ШымкентСуШар» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қосқан үлесі мол. Кәсіпорын  476 шаруа қожалығымен келісім-шарт жасады.

Тұрсынқожа Хакимходжаев - кәсіпкер

5 жылдан бері осында диқаншылық етіп6 бала-шағаның несібесін теріп жүрміз. Биылғы жылы жүгері, дарбыз ектік. Көкөніс егілді. Құдайға шүкір диқаншылығымыз жаман емес. Су қожалығымен келісімге отырып, суды уақытылы алып жатырмыз. Құдай қаласа, 25-30 тонна өнім алу мақсатымыз бар.

Екіжақты іскерлік байланыс арқасында биыл шымқалада егін бітік шықты. Өйткені, мұнда ағын су мол. Сондай-ақ, көкөніс дақылдарын күтіп-баптау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілген. Шаруалар мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен тыңайтқыштар алды. Оған қоса,  субсидияға, төмен пайыздық несиеге қол жеткізді. Соған сай диқан табысы да қомақты.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...