ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК 3 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЙДЫ

14:19, 21 мамыр 2018

Сарыағаш ауданында ағын су жүйелерінің тазаруы, су қоймалары жөнделуі арқасында суармалы егістік жердің аумағы тағы 3 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде ширек ғасырдан бері соқаның тісі тимеген жерлер қайта игеріліп, шаруамен жан баққан диқанның несібесі еселене түсті. Диқандар қазір сол жерден алғашқы өнім жинап, еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтуде.

«Ұшқын» ауылындағы мына жерлерге он бес жылдан бері биыл алғаш рет кетпеннің жүзі тиді. Онда да ағын судың келгенінің арқасында. Әйтпесе, өндірістік кооперативтің  қарамағындағы 70 гектар егістік осы кезге дейін игерусіз бос жатты. Биыл ұзындығы 5 шақырым болатын гидранттар жөнделіп, тақыр жер көкөніс пен бау-бақшаға айналып шыға келді.

Сегізбай Әбдісадық - өндірістік кооператив төрағасы

Судың келгені есебінен  көкөніс болып, әрбір үйге несібе болып кіріп кетіп жатыр. Екі егін еккен соң. Ол сол 70 гектарда мәселен 50 соттықтан болса 150 отбасының тағдыры,ырысы мен несібесі шешілді.

Ерте көктемнен жерді игеруге кіріскен диқандар қазір алғаш егілген қырыққабат, құлпынай, кәді мен шалғамды  жиып алып жатыр. Өнім жаман емес. Оларды тездетіп жиып алса, орнына келесі дақылды егеді.

Сапарәлі Жұманов - шаруа

Гектарына 50-60 тонна алып жатырмыз. Алматыға өзіміз көлікпен жіберіп жатырмыз. Баклажан еккенбіз 2 гектрдай. Ол да өнімге кірді. Бір жетіде сатып боламыз.

Келес аймағындағы «Ақылбексай» қоймасы  да биыл жөнделіп бітті. Енді сол төңіректегі  2 мың гектар алқапты суаруға мүмкіндік туды.  Қоймаға 25 миллион текше метр су жиналады. Жалпы ауданда 50 мың гектар суармалы жер болса, соның 3 мыңдайына  ағын жеткізу міндеті тұр.

Берік Шәкібаев - Сарыағаш аудандық су шаруашылығы мекемесінің директоры

Облыстық бюджеттен 620 миллион теңге қаржы бөлінген. Осы мақсатта 220 шақырым каналдар мен қашыртықылар, гидроқұрылымдар жөндеуден өткізіліп, 800 гектар жер айналымға қосылады.

Аграрлы аймақты енді  ағын суды үнемді пайдалану ісіне көңіл бөлінуде. Ол үшін алдағы екі жылда ұзындығы 150 шақырым каналдардың табаны бетондалмақ. Соның нәтижесінде бір жылда 150 миллион текше метр су үнемделгелі отыр. Бұл агроөнеркәсіп саласын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік береді.

ҒАНИ Қалмаханов

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...