ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ

17:55, 28 тамыз 2019

Тұзданған топырақтан да мол өнім алуға болады. Ол үшін агротехникалық талаптарды сақтап, диханшылықты ғылыммен байланыстыру керек. Бүгінде осы талапты Отырар аудандағы 10-нан астам шаруқожалық сақтап отыр. Нәтиже де жаман емес. Енді сол тәжірибені аудан аумағындағы барлық жерлерге қолдану үшін аймақта шаруалардың дала семинары ұйымдастырылды. Оған жер емген жандар мен Алматыдағы топырақ институтының мамандары қатысты.

Кезекті семинарда  соры бетіне шығып, өнім аз беретін жерлерден қалай мол өнім алуға болатыны түсіндірілді. Ол үшін ғалымдар арнайы жүргізілген тәжірибе қорытындыларын көрсетті. Айтып өтейік, топырақ институтының мамандары 2013 жылдан бері Отырар ауданында жұмыс істеп келеді. Міне сол уақыттан бері көптеген шаруалармен бірлесіп, жұмыс істеді. Нәтижесінде тұзданған жерді қалпына келтіре отырып мол өнім алуға болатынан көз жетті.

Сыздық Батырбек - Отырар аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы

Биылғы жылы мынау Алматыдағы Оспанов атындағы топырақтану институтымен бірлесіп, ғылымға негіздей отырып жұмыс істедік. Бұл институтпен біз 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Мұның басты мақсаты шаруаларға үйрету кеңес беру.. тұзданған топрақтан мол өнім алуға болатынын көрсету.

Соңғы уақытта Отырарда ғылыми әдісті қолдана отырып жүгері егетіндердің қатары көбейіпті. Мәселен биыл аймақтағы 33 мың гектар жерге соқа тисе соның соның 33 пайызына жүгері дәні себіліпті. Сонымен қатар жүгері егілген алқаптың басым бөлігіне топырақтың тұздануын төмендететін тәсілдер қолданылған. Енді алдағы уақытта осы әдісті аудан аумағындағы барлық соры шыққан жерлерге ендіру ісі қолға алынбақшы. Ол үшін Отырардан топырақ институтының арнайы зертханасын ашу жоспарланып отыр.  

Әбдіғали Жүнісов – Отырар ауданының  әкімі

Алдағы уақытта ауданның суармалы жерлерінен тұзданған немесе шөлейтті жерлерді тәжірибеге беріп сол жерлерді әр ерекшеліктеріне байланысты топырақтың құнарлылығына байланысты жасалатын тиімді агротехникалық жолдарды шаруаларға үйрету ісін қолға аламыз.

Кезінде жүгері өнімін өндіруде еліміз бойынша көш бастаған Отырар ауданында соңғы жылдары жердің тұздануына байланысты өнім көрсеткіші төмендеді.Егістік көлемі де азайып кеткен. Енді міне ғылыми тәсілдерді ендірудің арқасында жүгері алқабы қайта ұлғайып келеді.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...