ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕСЕБІНЕН МАҚТА ӨНІМДІЛІГІ АРТПАҚ

18:38, 11 маусым 2018

Облыста мақта талшықтарын өңдеу жаңа технологияға негізделмек. Сала мамандары осыған байланысты түрік инвесторлармен кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізуде. Бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков түркиялық «Birlik Kimya» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қос тарап мүмкіндіктерін салмақтады.

Облыстың ауыл шаруашылығына тың серпін беріп, мақта өсіруде соңғы технологияларды енгізу – күннің өзекті тақырыбы. Агросекторда қалыс қалған жағдайымыз жоқ. Бәйдібек ауданының өзінде Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен 4 миллиард теңгенің жобасы іске асуда. Дала құсы дуадақтар өсірілуде. Ал, Түркістанда қытайлық инвесторлардың көмегімен 7 миллиард АҚШ долларына ұнтақталған түйе сүтін өндіретін зауыт жұмысын бастаған.

Біздің тараппен кездескен түркиялық «Birlik Kimya» компаниясы өз мүмкіндіктерін ұсынды. 1998 жылы негізі қаланған кәсіпорын бүгінде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен тығыз байланыста. Компания өкілдері түстік билігіне «Соренс» зауытын таныстырды. Кәсіпорын полиметал өндіруде әлемде көш бастап тұр.

Қазір оңтүстікте 23 мақта өңдеу кәсіпорны жұмыс істеп тұр. 345 қабылдау пункті бар. 2017 жылы 212 мың тонна ақ алтын қабылдаған. Түркияның жаңадан ендірілетін технологиясы... мақта өнімділігін бірнеше есеге ұлғайтпақ. Бұл өз кезегінде өңір экономикасын арттыруға да сеп болмақ.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
14:53, 12 сәуір 2021
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК...
Толығырақ...