ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖЕМ-ШӨП ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚҰТҚАРАДЫ

16:20, 13 маусым 2018

Биылғы күн райы шаруаға қолайсыз болып тұр. Әсіресе, Шардара, Сарыағаш, Отырар аудандары мен Түркістан, Арыс қалалары шөлді аймақта орналасқандықтан, қуаңшылыққа тап болуда. Осы қиындықтарды ескерген кәсіпкер Бақытжан Көпбаев... ерекше жобасын ұсынады. Ізденімпаз азамат арнайы қондырғысы бар шаруа... тәулігіне 2 тонна биошөп өндіріп, жем-шөп тапшылығын жеңетінін айтады.

Ғажап қондырғысы бар шаруа бұдан былай жер жыртып, әуре болмайды. Гидропоника әдісімен күніне 2 тонна жасыл шөп өндірмек. Бұл жылына шаққанда, 730 тонна жем-шөп деген сөз.  

«ҚазАгроГрин» серіктестігі осындай жем дайындау жабдықтарын таратушы болып табылады. Бұл құралдарды лизингпен несиеге алуға да болады. Кәсіпорынның басшысы аталмыш жемнің сіңімділігі жоғары дейді. Яғни, 1 сиыр 1 тәулікте 20 келісін жейді. Бұл 94 пайызға дейін қорытылады. Қалған жемдердің тек 40 пайызы сіңеді. Мұндай өніммен қоректенген сиыр сүтінің майлылығы 4,4 пайыз болады. Жылқылар 40 күнде ет алса, тоқтылар денесіне май емес, балғын ет жинайды, - дейді, серіктестік қызметкерлері.

Қазақстанда бұл жобаның іске асқанына – 2 жыл.  Осы уақытта компания еліміз бойынша 14 гидропоникалық қондырғы қойып үлгерген. 200-ге тарта білікті маман... қондырғының тиімді тұстарын насихаттап, Астана, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан облысында табысты еңбек етуде.   

Г. АХМЕТҚЫЗЫ                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
17:55, 28 тамыз 2019
ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАН МОЛ ӨНІМ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...