ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды

17:26, 1 маусым 2017

Мерекеге орай Шымкентте 110 орынға лайықталған балабақшаның іргетасы қаланды. Мектепке дейінгі бұл мекеме ерекше оқыту мен күтімді қажет ететін бүлдіршіндер үшін салынуда. Ал, оны түбегейлі тұрғызып беру міндетін белгілі кәсіпкер Қайрат Молдасейітов өз мойнына алған.

Бұл мекеменің қаладағы қажеттілігі тым жоғары. Өйткені, Шымкенттегі тірек-қозғалысы бұзылған балалар мен психикалық дамуы шектеулі бүлдіршіндерге арналған орталықтардың қазіргі жайы сын көтермейді. Өткен ғасырдың ортасында саманнан салынған. Көбі - ыңғайластырылған жағдайда. Енді кәсіпкер есебінен салынатын жаңа балабақша сол мекемелердің меншігіне беріледі.     

Жансейіт Түймебаев – Облысәкімі

Осы жерге орналасатын екі орталықта әбден ескірген еді. Біреуі 1956 жылы салынса біреуі одан бұрын бой тіктеген. Ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Енді міне жаңа ғимарат салынып жатыр. Бұл кәсіпкердің ісі өзгелерге үлгі болады деп сенемін.

Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуық нысанды салу ісі негізінде бір жылға жоспарланған.  Бірақ орталықтардың жағдайымен таныс кәсіпкер істі жыл соңына дейін бітіруді жоспарлапты. Егер мақсат орындалса, балаларға медициналық көмек көрсетіп, тәрбие беретін орталықтар жаңа жылды жаңа орында қарсы алады.

Ғимарат заман талабына са й. Жүруі қиын, ой өрісінде тежеу барлар екі бөлек тәлім алады.   Қос бөлім де қажет жабдықтармен қамтылады.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...