ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

Балаларға - қамқорлық

17:14, 1 маусым 2017

«Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ». Мақтаралда өкше басқан ұл-қызға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі құрмет көрсетті. Мақталы аймақта ерекше оқытуды қажет ететін 422 бала тұрады. Солардың ең мұқтаждары арнайы акция барысында шарапатқа бөленді.

Қайырымдылық шарасы Атакент кентінде болып өтті. Оған көз ашқалы ауыр сырқат тырнағына ілінген және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары қатысты. «Мейірімді-жүрек, жомарт қол». Акция 80 періште көңілге қуаныш сыйлады. Ұйымдастырушылар жақсылыққа жаны құмар демеушілерге алғысын жеткізді.

Сайқымазақпен қызықты ойындар. Түрлі сыйлықтар. Тәтті балмұздақ... бала сырқатын бір сәтке ұмыттырған тамаша тарту болды. Ата-ана көңілі де алаңсыз күйге енді.   

Денсаулығы дімкәс балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу мақсатында ауданда түрлі өнер байқаулары өткізіліп тұрады. Сол сайыстардың белсенді қатысушылары бүгінгі мерекеде өлең айтып, көпшілік жанарын жаспен жуды.

Ал, Асық-ата кентінде  айрықша күтімге алынған 91 бала үшін концерттік бағдарлама қойылды. Демеушілер тарапынан сыйлықтар берілді.  Аудан әкімі Ғалым Исмайлов бақыттан күдер үзбеген, жан жылуын жақынынан іздеген бүлдіршіндірге ыстық лебізін жеткізді. Ал, ата-аналар қауымы қамқорлық көрсеткен барша жанға шексіз алғысын білдірді.

Демеушілер дәмді ас ұсынуға да жарады.  Ал, Мақтарал мәдениет үйінің қуыршақ театры таң-тамаша қойылымы арқылы бүлдіршіндерді ертегілер әлеміне елітті.  

АЙЖАН Әшірхан 

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...