ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«Балам» дейтін жұрт болмаса...

16:08, 1 маусым 2017

Жақсылыққа жол сілтейтін Ораза - мұсылман жамағатына нәсіп еткен бес парыздың бірі. Дәл осы Рамазан айында Кәлимаға тіл келтірген әрбір жан сауапты істің басы-қасынан табылуға асығады. Қасиетті айда алғаш болып, жомарттық танытқандардың бірі өңірімізге белгілі кәсіпкер Қайрат Сүлейменов болды. Дегдар азамат №3 балалар үйіне барып, жүрек жылуына зәру жәудіркөздерді құттықтады. Оларға тарту-таралғы жасады.

 «Жетім көрсең, жебей жүр» деген халық нақылы тектен-текке айтылмаған. Қолы ашықтың – қашанда жолы ашық. Күнделікті қауырт жұмыстан қолы қалт етсе, бұл кәсіпкер бала жанын жадыратқысы келеді. Қамқор ағаны көріп, көз қуантқан балалар бүгін де әсем ән, тәтті күйін аямады.

Қолдан келгенше балапандарды шаттыққа бөлеу,  рухани  демеу- сауаптың үлкені. Жомарт кәсіпкер:  «Баланың тәтті ұйқысы мен риясыз күлкісі жан жадыратпай қоймайды», - дейді. Ата-ана мейірімі мен сүйіспеншілігіне шөліркеген бар баланы бауырына тартты.  

Айта кетейік, №3 балалар үйінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 70  бала бар. Олардың 60 пайызы – тірі жетім.  Ал, қалғаны қапелімде ең жақын жандарынан айырылғандар. Ендеше, бүгінгідей бейбіт заманда// балалардан мейірім-шапағатымызды аямайық!

ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...