ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

Барлық бала бақытқа лайық!

12:35, 1 маусым 2017

Бүгін – әлемнің әр үйінде шаттық тойы. Халықаралық балалар күні. Перзентін – «бақытым» деп білетін қазақстандықтардың да бұл мерекеге ілтипаты ерекше. Арыс қаласындағы Төлеген Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері мереке күні мәз-мейрам болды. Себебі, алтын ұяларына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барды. Жас толқынның шат-шадыман қуанышымен бөлісті.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 73 жеткіншек тәлім алады. Бұл шәкірттердің киімі көк, қарыны да тоқ. Жетіспейтіні - ананың аялы алақаны мен әкенің мейірбан көңілі. Осы олқылықты толтыру үшін мейірімді жандар балаларды өз отбасына алуды қолға алуда. Солардың бірі - Мұхтар Диханбаев. Өмірлік қосағы Қарлығаш екеуінің 4 перзенті, 12 немересі бар. Соған қоса, осы балалар үйінен 5 ұл-қызды тәрбиесіне алып отыр.

Отбасы ықыласын көрген баланың көңілі сергек, ісі ширақ. Ақыры ата-аналы болған  баланың өлеңі де көңілді.

Өңір басшысы бар шаруасын жиып қойып, балалардың шығармашылық кешін аяғына дейін тамашалады. «Елбасының жіберген сыйлығы»  деп, тәрбиеленушілерге тарту-таралғы жасады.  

Су жаңа велосипед, теледидар, спорттық құрал-жабдықтар. Бұған бала қуанышында шек болмады. Бәрінен бұрын, биліктегі басшылардың арнайы көңіл бөлгеніне дән риза. Иә, барлық бала бақытқа лайық!

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...