ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

Бәйдібек балғындары шат-шадыман

18:25, 1 маусым 2017

«Мәңгілік ел - Қазақстаным». Бәйдібек ауданының 1200-ден астам бүлдіршіні де осындай атаумен өткен акцияға қатысты. Ел жетістіктерін суретке бейнеледі. Мемлекет мерейін үстем ететін «Экспо-2017» көрмесін өз ойларынша бейнеледі.

Аудан әкімінің орынбасары Имангелді Түймебаев балғындар еңбегін жоғары бағалап, істеріне сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған оқушылар Отансүйгіштік ниетін қағаз бетіне түсіріп, түрлі суреттерімен көпшілікті тәнті етті. Осыдан соң аудан басшылары қазақ күресінен өткен облыс біріншілігіне қатысып, спортшы жастармен тілдесті. Айта кетейік, Бәйдібектің жігерлі жастары 3 жылдан бері ұлттық спорт түрінен үздіктер қатарынан көрінуде. Бағландардың бұл жетістігін аға буын жоғары бағалады. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары белсенді және өнерлі жастардың ұйымдастырған концертіне қатысты. Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай жалынды жастар түрлі қойылымдар қойып, ән айтып, сахнада қалықтады. Елбасының болашаққа бағдар жасаған мақаласындағы мәңгілік ел жастарын бабалар рухымен тәрбиелеу мәселесін сөз етті. Осы күні аудандық жастар орталығының мамандары іс-шараға қатысқан барлық балаларға балмұздақ үлестірді.

САТТАР Есімбеков                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...
110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды
17:26, 1 маусым 2017
110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...