ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

Қос лагерь бала қуанышын еселемек

12:19, 1 маусым 2017

Мақтарал бүлдіршіндері жазғы демалысын лагерьлерде өткізеді. Оған аудан билігі толық жағдай жасап отыр. Айталық, биыл жалпыға міндетті білім беру қорынан бұл мақсатқа 35 млн. теңге бөлініп отыр. Демалып, әрі сауығуға баратындар сапында негізінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы перзенттері бар.

«Толағай» және «Еркежан». Аудандағы бұл қос лагерь оқушылардың жазғы демалысын қызықты өткізуге сақадай сай. Жасөспірімдердің шығармашылық дамуына қажетті жағдай жасау үшін қазір білім мекемелерінде жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.

Жазғы демалыс басталған тұста аудан билігі шәкірттердің ата-аналарына құлаққағыс жасады. Қазір ашық базарларда сатылатын тағамдар мен көкөністер өте қауіпті. Оларды лагерь аумағына кіргізуге қатаң тыйым салынды. Сондай-ақ, өрт, су қауіпсіздігі мен жолда жүру ережелері де оқушылар үшін маңызды екені ескертілді. Оқыс оқиғалардың алдын алуға ең әуелі, ата-ана жауапты. Шара барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жөнінде кеңестер берілді.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                             

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...